Ешуа
4 Бүкіл халық Иорданнан өткен соң, Ехоба Ешуаға былай деді: 2 “Әр рудан бір-бірден 12 адам таңдап ал да+, 3 оларға “діни қызметкерлер Иорданның ортасында тапжылмай тұрған+ жерден 12 тас алып, бүгін түнейтін жерлеріңе апарып қойыңдар”+ деп тапсыр”.
4 Сонда Ешуа Исраил руларының әрқайсысынан өзі тағайындаған 12 адамды шақырып алып, 5 былай деді: “Ехоба Құдайларыңның сандығының алдына барыңдар да, Иорданның ортасынан Исраил руларының санына қарай бір-бір тастан алып, иықтарыңа салып шығыңдар. 6 Бұл тастар Құдайдың не істегенін естеріңе салып тұрсын. Келешекте балаларың: —Мына тастар бұл жерге не үшін қойылған?— деп сұраса+, 7 былай жауап беріңдер: —Ехобаның келісім сандығының алдында Иорданның суы тоқтап қалған еді+. Бұлар Исраил халқына әрқашан осыны еске салып тұру үшін қойылды+”.
8 Исраилдіктер бәрін Ешуа бұйырғандай істеді. Олар Ехобаның Ешуаға берген нұсқауына сай, Иорданның ортасынан рулардың санына қарай 12 тас алып шықты да, өздері түнейтін жерге апарып қойды.
9 Ешуа тағы 12 тас алып, діни қызметкерлер Иорданның ортасында келісім сандығын көтеріп тұрған+ жерге апарып қойды. Сол тастар әлі күнге дейін сонда тұр.
10 Келісім сандығын көтеріп тұрған діни қызметкерлер Ехобаның халыққа Ешуа арқылы тапсырған сөздері және Мұсаның Ешуаға бұйырғандары түгелдей іске аспайынша, Иорданның ортасында тұрды. Халық болса өзеннен асығыс өтіп жатты. 11 Бәрі түгелдей өткен соң, Ехобаның келісім сандығын көтеріп тұрған діни қызметкерлер де олардың көз алдында өзеннен өтті+. 12 Сондай-ақ рубен, ғад рулары және манаса руының жартысы да Мұса тапсырғандай+, сап түзеп өзге исраилдіктердің көз алдында арғы бетке өтті+. 13 Мұздай болып қаруланған, соғысуға дайын 40 мыңға жуық адам Ехобаның алдында Иерихонның шөл даласына қарай өтті.
14 Сол күні Ехоба бүкіл Исраилдің алдында Ешуаның мерейін өсірді+. Халық Мұсаны қалай құрметтесе+, Ешуаны да солай құрметтейтін болды.
15 Ехоба Ешуаға: 16 “Куәлік сандығын+ көтеріп тұрған діни қызметкерлерге Иорданнан шығуды бұйыр”,— деді. 17 Сонда ол діни қызметкерлерге: “Иорданнан шығыңдар!”— деп бұйырды. 18 Ехобаның келісім сандығын көтеріп тұрған діни қызметкерлер+ жағаға шыққанда, Иорданның суы өз арнасына түсіп, бұрынғыша кемерінен асып-тасып аға жөнелді+.
19 Халық бірінші айдың оныншы күні Иорданнан шығып, Иерихонның шығысындағы Ғылғалға+ келіп қос тікті.
20 Ешуа Иорданнан алынған 12 тасты Ғылғалға қойдырды+. 21 Сосын исраилдіктерге мынаны айтты: “Келешекте балаларың: —Мына тастар нені білдіреді?— деп сұраса+, 22 былай деп түсіндіріңдер: —Исраил халқы Иорданның құрғақ арнасымен өтті+. 23 Өйткені Құдайларың Ехоба халқын теңізден өткізу үшін Қызыл теңіздің суын қалай құрғатса, Иорданның суын да Ехоба солай құрғатқан еді+. 24 Ол бұны жер бетіндегі барлық халықтар Ехобаның құдіретті екенін білу үшін+ және сендер әрдайым Құдайларың Ехобадан қорқуларың үшін істеді”.