Аян
10 Мұнан кейін көктен түсіп келе жатқан басқа бір құдіретті періштені көрдім. Ол бұлтқа ораныпты, ал бас жағынан кемпірқосақ шығып тұр екен. Оның беті күндей+, аяғы отты бағаналарға ұқсайды. 2 Қолына ашылған кішкентай шиыршық ұстап тұрды. Ол оң аяғын теңізге, ал сол аяғын құрлыққа қойып, 3 ақырған арыстандай қатты айғайлады+. Ол айғайлағанда, жеті күн күркірінің даусы+ естілді.
4 Жеті күн күркірі сөйлеп жатқанда, мен жазып алуға ыңғайландым, бірақ көктен: “Жеті күн күркірінің айтқандарын құпия ұста, оларды жазба”,— деген дауысты естідім+. 5 Сонда теңіз бен құрлықта тұрған періште оң қолын көкке көтерді де, 6 көк пен жерді, теңізді және ондағылардың бәрін жаратқан+ Мәңгі өмір сүрушінің+ атымен ант етіп былай деді: “Бұдан былай кешіктірілмейді. 7 Жетінші періште+ кернейлетуге дайын болғанда+, Құдай өз құлдары — пайғамбарларға ізгі хабар ретінде жариялаған+ қасиетті құпия+ жүзеге асады”.
8 Сосын өзім көктен естіген дауыс+ тағы да мынаны айтты: “Барып, теңіз бен құрлықта тұрған періштенің қолындағы ашылған шиыршықты ал”+. 9 Мен періштеге барып, одан кішкентай шиыршықты сұрадым. Ол маған: “Ал да, жеп қой+. Ол ішіңе түскенде ащы, ал аузыңда балдай тәтті болады”,— деді. 10 Мен періштенің қолынан кішкентай шиыршықты алып, жеп қойдым+. Аузымда ол балдай тәтті+, ал жұтқаннан кейін, ішімде ащы болды. 11 Бұдан кейін: “Сен тағы да халықтар, ұлттар, тілдер мен көптеген патшалар туралы уағыздауға тиіссің”,— деген дауысты естідім.