-
Езра 1:1—4Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
1 Персия патшасы Кирдің+ билік құруының бірінші жылы, Ехобаның* Еремия пайғамбар арқылы айтқан сөзі+ орындалу үшін, Ехоба Персия патшасы Кирдің жүрегіне қозғау салды. Сонда ол келесі жарлықты бүкіл патшалығына жариялауды бұйырды, сондай-ақ оны жазғызып қойды+:
2 “Персияның патшасы Кир былай деп бұйырады: —Көктің Құдайы Ехоба маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды берді+ және Яһуда жеріндегі Иерусалимде өзіне арнап үй тұрғызуды тапсырды+. 3 Араларыңдағы оның халқына жататындар Яһуда жеріндегі Иерусалимге барсын да, тұрағы Иерусалимде болған* Исраил Құдайы Ехобаның — ол шынайы Құдай — үйін қайта соқсын. Сол жаққа баратын әркімге Құдайы жар болсын! 4 Еліне оралмақ болған+ әрбір адамға көршілері алтын-күміс және мал-мүлік беріп көмектессін. Сонымен қатар Иерусалимдегі шынайы Құдайдың үйіне арнап ерікті сый-тартулар берсін+”.
-