-
Мұсаның 1-жазбасы 33:12—14Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
12 Кейін Есау: “Жолға шығайық, мен сендердің алдарыңда жүріп отырайын”,— деді. 13 Бірақ Жақып былай деп жауап берді: “Қожайыным өзі көріп тұрғандай, балаларым жас+, сондай-ақ қозылы қойларым мен бұзаулы сиырларым бар. Оларды бір күн тез айдағанның өзінде түгел қырылып қалады. 14 Сондықтан, қожайыным, құлыңыздың алдына түсіп кете беріңіз. Ал мен Сейір жеріне+, қожайыныма, жеткенше, айдап келе жатқан малдың және бала-шағаның ыңғайына қарай ақырын жүре берейін”.
-
-
Мұсаның 2-жазбасы 23:12Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
12 Алты күн бойы жұмысыңды істе, бірақ жетінші күні барлық жұмысыңнан демал. Сонда бұқаң мен есегің тынығып, құлдарың мен жатжерлік адамдарың күш жинап алады+.
-
-
Мұсаның 5-жазбасы 22:4Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
4 Егер бауырыңның есегі не бұқасы жол бойында құлап жатқанын көрсең, көрмегенсіп жанынан өтіп кетпе. Оған малын тұрғызуға міндетті түрде көмектес+.
-