-
Патшалар 1-жазба 1:33, 34Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
33 патша былай деп тапсырды: “Қастарыңа иелеріңнің қызметшілерін ертіп алыңдар да, ұлым Сүлейменді менің қашырыма мінгізіп+, Гихонға+ қарай түсіңдер. 34 Діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар сол жерде оған май жағып+, Исраилдің патшасы етіп тағайындасын. Сосын керней тартып, “Сүлеймен патша мың жасасын!” деп жар салыңдар+.
-