-
Лұқа 23:13—15Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
13 Пилат жоғарғы діни қызметкерлерді, басшыларды және халықты шақырып, 14 былай деді: “Сендер мына кісіні халықты бүлікке итермелеп жүр деп, маған әкелдіңдер. Міне, мен оны алдарыңда тергеп, сендер таққан айыптарға еш негіз таппадым+. 15 Ирод та таппай, оны қайтадан бізге жіберді. Ол өлім жазасына кесетіндей ешқандай қылмыс жасаған жоқ.
-