Еремия
7 Ехоба Еремияға сөзін арнап былай деді: 2 “Ехобаның үйінің қақпасының алдында тұрып, мына хабарды жарияла: —Ехобаға бас ию үшін осы қақпалардан кіретін күллі Яһуда халқы, Ехобаның сөзіне құлақ салыңдар. 3 Әскербасы Ехоба, Исраил Құдайы: “Жолдарыңды түзеп, іс-әрекеттеріңді жөндеңдер, сонда осы жерде мекендеуге қалдырамын”,— дейді+. 4 Сендер “Бұл* — Ехобаның ғибадатханасы! Ехобаның ғибадатханасы! Ехобаның ғибадатханасы!” деген жалған сөздерге сенім артпаңдар+. 5 Егер шынымен жолдарыңды түзетіп, іс-әрекеттеріңді жөндесеңдер; адамдардың арасында әділ сот жүргізсеңдер+; 6 жатжерліктерге, жетімдер мен жесірлерге қысым көрсетпесеңдер+; осы орында жазықсыз адамның қанын төкпесеңдер; өз-өздеріңе зиян келтіріп, бөтен құдайларға табынбасаңдар+; 7 мен сендерді ата-бабаларыңа біржола берген осы жерде мекендеуге қалдырамын”.
8 “Ал сендер жалған сөздерге сенім артып жүрсіңдер+, бірақ бұдан еш пайда жоқ. 9 Ұрлық жасап+, кісі өлтіріп, азғындыққа салынып, өтірік ант беріп+, Бағалға құрбандықтар әкеліп*+, өздерің бұрын білмеген құдайларға табынасыңдар. 10 Осындай жиіркенішті істеріңе қарамастан, менің есіміммен аталатын осы үйге келіп, қалайша менің алдымда тұрып “біз аман қаламыз” дейсіңдер? 11 Сонда менің есіміммен аталатын осы үй сендер үшін қарақшылардың ордасына айналғаны ма+? Міне, осының бәрін мен өз көзіммен көріп тұрмын”,— дейді Ехоба.
12 “Ал енді өз есімім үшін ең алғаш таңдап алған+ Шилодағы+ орныма барып, Исраил халқымның зұлым істері үшін сол жерге не істегенімді көріңдер+. 13 Алайда сендер осы істеріңді жасай бердіңдер, мен сендерге қайта-қайта* айтсам да, тыңдамадыңдар+,— дейді Ехоба.— Сендерді шақырумен болдым, бірақ жауап қатпадыңдар+. 14 Сондықтан менің есіміммен аталатын осы үйге+, яғни сендер сенім артатын+ және өздеріңе әрі ата-бабаларыңа берген осы орынға, Шилоға істегенімді істеймін+. 15 Мен сендерді алдымнан бауырларың — Ефремнің күллі ұрпақтарын қуғандай қуамын+.
16 Ал сен бұл халық үшін дұға етпе. Олардың игілігін тілеп, жалынып-жалбарынба+, өйткені мен сені тыңдамаймын+. 17 Олардың Яһуда қалаларында және Иерусалим көшелерінде не істеп жүргендерін көрмейсің бе? 18 Аспан патшайымына*+ құрбандық нанын пісіру үшін, ұлдары отын жинайды, әкелері от жағады, әйелдері болса қамыр илейді, сондай-ақ мені қорлау үшін өзге тәңірлерге сұйық тартулар құйып ұсынады+. 19 Бұдан жапа шегетін* мен бе?— дейді Ехоба.— Қайта, өздері емес пе? Өздері ұятқа қалмай ма+? 20 Сондықтан Әлемнің Әміршісі Ехоба: —Міне, мен осы орынға — адам мен малға, даладағы ағаштар мен жердің өніміне — ашуым мен қаһарымды төгемін+. Ол лаулап жанып, өшпейді,— дейді+.
21 Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Түгел өртелетін құрбандықтарыңды басқа құрбандықтарыңа қосып, етін өздерің жей беріңдер+. 22 Себебі ата-бабаларыңды Мысыр елінен алып шыққанда, түгел өртелетін құрбандықтар мен басқа құрбандықтар туралы айтқан да, бұйырған да емеспін+. 23 Қайта, мен оларға: “Даусыма құлақ асыңдар, сонда мен сендердің Құдайларың, ал сендер менің халқым боласыңдар+. Өздеріңе жақсы болу үшін, мен бұйырған жолдармен жүріңдер”,— деп бұйырғанмын+. 24 Бірақ олар тыңдаған да, сөзіме құлақ салған да жоқ+. Олар өз ақылдарына жүгініп, қыңырлықпен зұлым жүректерінің қалауымен жүрді+, алға баспай, кері шегінді. 25 Бұл жағдай ата-бабаларың Мысыр елінен шыққаннан осы күнге дейін жалғасып келеді+. Сондықтан қызметшілерім — пайғамбарларды күн сайын, қайта-қайта жіберумен болдым+. 26 Бірақ халық мені тыңдамады, құлақ та аспады+. Қайта, тоңмойынданып, ата-бабаларынан да бетер зұлымдық жасады!
27 Сен оларға осы сөздердің бәрін айтасың+, бірақ олар тыңдамайды. Оларды шақырасың, бірақ саған жауап бермейді. 28 Сонда сен оларға: —Бұл халық Құдайлары Ехобаның даусына құлақ аспады, жөнге салғанына көнбеді. Араларында бірде-бір адал жан жоқ, тіпті адалдық деген ауызға да алынбады,— дейсің+.
29 Сен* қырқылмаған* шашыңды қырқып, лақтырып таста, тақыр төбелердің үстінде жоқтау айт. Өйткені Ехоба ашуына тиген бұл ұрпақтан бас тартып, тастап кетті. 30 Яһуда халқы менің көз алдымда жамандық жасады,— дейді Ехоба.— Олар менің есіміммен аталатын үйді арамдау үшін, оның ішіне жиіркенішті пұттарын қойды+. 31 Сондай-ақ олар Бен-Хенном* аңғарындағы+ Тофетте ғибадат төбелерін жасап, ұлдары мен қыздарын өртеп құрбан етті+. Мұндайды мен оларға бұйырған жоқпын, бұл тіпті ойыма* да келген емес+.
32 Сондықтан, міне, бұл жер Тофет не Бен-Хенном аңғары емес, қайта, Қырғын аңғары деп аталатын күндер келе жатыр,— дейді Ехоба.— Олар Тофетте бос орын қалмайынша, өліктерін жерлейтін болады+. 33 Мәйіттері аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем болады. Оларды үркітетін ешкім болмайды+. 34 Мен Яһуда қалалары мен Иерусалим көшелеріндегі қуаныш пен шаттықтың, күйеужігіт пен қалыңдықтың үндерін өшіремін+. Өйткені бүкіл елдің күл-талқаны шығады+”.