Мұсаның 1-жазбасы
9 Құдай Нұх пен оның ұлдарына батасын беріп, былай деді: “Өсіп-өніп көбейіңдер, ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар+! 2 Жан-жануарлар, аспандағы қанаттылар, жер үстінде қыбырлап жүргендер мен теңіздегі балықтардың бәрі бұдан былай да сендерден қорқып, зәрелері ұшатын болады. Олар сендердің қолдарыңа берілді+. 3 Тірі мақұлықтардың бәрі сендерге азық болады+. Жасыл өсімдіктерді бергенім сияқты, олардың бәрін де сендерге беремін+. 4 Тек олардың етін жанымен*, яғни қанымен+, жемеңдер+. 5 Егер қандарың* төгілетін болса, сол үшін есеп беруді талап етемін: адам қанын төккен жан-жануар өлтіріледі; бауырының өмірін қиған әрбір адам жауапқа тартылады+. 6 Кімде-кім адам қанын төксе, оның да қаны адам қолымен төгіледі+. Өйткені адамды Құдай өзіне ұқсас етіп жаратқан ғой+. 7 Ал сендер өсіп-өніп көбейіңдер, жер бетіне жайылып, оны толтырыңдар+”.
8 Кейін Құдай Нұх пен оның ұлдарына мынаны айтты: 9 “Мен сендермен және келешек ұрпақтарыңмен келісім жасасамын+. 10 Сондай-ақ қастарыңдағы тірі жанның бәрімен: құстармен, жан-жануарлармен, жердегі барша тірі жаратылыспен, яғни өздеріңмен бірге кемеден шыққандардың бәрімен және олардың күллі ұрпақтарымен келісім жасасамын+. 11 Иә, енді ешқашан тіршілік атаулыны топан сумен жоймаймын, жерді құрту үшін енді қайтып топан су жібермеймін+ деп сендермен келісім жасасамын”.
12 Сосын Құдай былай деп қосты: “Сендермен, қастарыңдағы әрбір тірі жанмен жасасатын әрі ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі қалатын келісімімнің белгісі мынау болмақ: 13 бұлт арасынан кемпірқосақ шығарамын, бұл — менің жермен жасасқан келісімімнің белгісі. 14 Мен жер бетіне бұлт жіберген сайын, оның арасынан кемпірқосақ көрінетін болады. 15 Сонда сендермен және тірі жанның барлық түрімен жасасқан келісімімді есіме аламын; су бұдан кейін ешқашан топан су болып тіршілік атаулыны құртпайды+. 16 Бұлт арасында кемпірқосақ пайда болғанда, оны көріп, жер бетіндегі тірі жанның барлық түрімен мәңгілікке жасасқан келісімімді есіме аламын”.
17 Құдай Нұхқа қайталап: “Бұл — менің жер бетіндегі тіршілік атаулымен жасасқан келісімімнің белгісі”+,— деді.
18 Кемеден шыққан Нұх ұлдарының есімдері: Шам, Хам, Япші+. Кейінірек Хамнан Қанахан+ туылды. 19 Бұлар Нұхтың үш ұлы болатын, барлық адам солардан тарап, жер бетіне жайылды+.
20 Нұх диқаншылықпен айналысып, жүзім өсірді. 21 Бірде ол шарап ішіп, мас болып, шатырында жалаңаш жатты. 22 Қанаханның әкесі Хам өз әкесінің жалаңаш денесін көріп, сыртта жүрген екі бауырына айтып барды. 23 Сонда Шам мен Япші жамылғыны иықтарына асып, ішке теріс қарап кірді де, әкелерінің үстіне жапты. Олар теріс қарағандықтан, оның жалаңаш денесін көрген жоқ.
24 Нұх мастығы тарқағанда, ең кіші ұлының өзіне не істегенін білді. 25 Сонда ол:
26 Әрі қарай былай деді:
“Шамның Құдайы Ехоба мадақталсын!
Ал Қанахан оның құлы болсын+!
27 Құдай Япшінің иелігіндегі жерін кеңейтсін,
Ол Шамның шатырларында тұрсын,
Қанахан оған да құл болсын!”
28 Нұх Топан судан кейін 350 жыл өмір сүрді+. 29 Ол барлығы 950 жыл жасап, көз жұмды.