Дәуіттің жыры.
23 Ехоба — менің Бағушым+,
Мен ештеңеден тарықпаймын+.
2 Ол мені жасыл жайлауда тынықтырады,
Суы мол жайылымдарға жетелеп апарады+.
3 Ол менің жанымды жадыратады+,
Өз есімі үшін әділдік жолымен жетелеп жүреді+.
4 Тас қараңғы шатқалда жүрсем де+,
Қауіп-қатерден қорықпаймын+,
Өйткені сен қасымдасың+,
Асатаяғың маған сенімділік береді.
5 Дұшпандарымның алдында маған дастарқан жаясың+,
Басыма май жағасың+.
Тостағанымды ағыл-тегіл толтырасың+.
6 Иә, ізгілігің мен айнымас сүйіспеншілігіңді мәңгілік көремін+;
Бар ғұмырымды Ехобаның үйінде өткіземін+.