Ишая
2 Ехоба мынаны айтады,
Жаратушың әрі сені қалыптастырған Құдай+,
Ана құрсағынан қолдап келген Құдай былай дейді:
Ұрпағыңа рухымды қондырамын+,
Үрім-бұтағыңа батамды жаудырамын.
5 Біреу “Ехобаға тиесілімін” дейді+,
Өзге біреу Жақыптың есімімен атанады,
Ал тағы бірі қолына “Ехобаға тиесілімін” деп жазып алады,
Исраилдің есімімен атанатындар да болады”.
“Мен алғашқы әрі соңғымын+.
Менен басқа Құдай жоқ+.
7 Кәне, маған тең келер кім бар+?
Сол жауап қатсын, мұнысын дәлелдесін+!
Олар болғалы жатқан жайттарды
Және әлі болмаған жайттарды баяндап берсін.
Мен халқымды жаратқалы бері солай етіп келемін.
Мен мұны әрбіріңе алдын ала айтып, жария етпедім бе?
Сендер менің куәгерлерімсіңдер+.
Менен басқа Құдай бар ма?
Жоқ, менен өзге Жартас жоқ+; мен бірде-бірін білмеймін”.
Олардың куәгерлері, сол пұттар, ештеңе көрмейді де, білмейді де+,
Сондықтан оларды жасағандар масқара болады+.
10 Кім пайдасы жоқ құдайдың бейнесін жасайды+?!
Кім темірден тәңір мүсінін құяды?!
11 Міне, оның серіктестерінің бәрі масқара болады+!
Ұсталар — небәрі пенде.
Кәне, түгел жиналып, маған қарсы тұрсын.
Бірақ олардың үрейлері ұшады, бәрі масқара болады.
12 Темір ұстасы темірді қысқашпен ұстап, оны шоққа қыздырады.
Сосын мықты қолына балғасын алып,
Ұрғылап тәңір нобайын жасайды+.
Содан қарны ашып, қауқары кетеді,
Су ішпей, шаршап қалады.
13 Ұста ағашты жіппен өлшеп, оған қызыл бормен тәңір сұлбасын салады,
Қашау қолданады, дөңгелектеп* бейнесін сызып,
Адамның келбетін жасайды+,
Оған адам баласына тән көрік береді.
Сосын оны үйге* апарып қояды+.
14 Қарағай шабатын кісі
Бір ағашты, емен ағашын, таңдап алады да,
Орман ағаштарының арасында мықты болып өскенін күтеді+.
Ол лавр ағашын да отырғызады, ағаш жауған жаңбырмен өседі.
15 Сосын ол адамға отын болады.
Адам оның бір бөлігін отқа жағып жылынады,
Үстіне нан да пісіреді.
Ал бір бөлігінен табынатын құдай жасайды,
Тәңір мүсінін жасап, алдында тізерлеп бас ұрады+.
16 Ол ағаштың бір бөлігін отқа жағады,
Оған ет қуырып, тойғанша жеп алады.
Отқа жылынып отырып: “Бәрекелді, оттың қызуы жақсы екен!”— дейді.
17 Ал қалғанынан құдай жасайды, ойып тәңір мүсінін істейді.
Сосын соған бас ұрып табынады, жалбарынып сиынады.
“Құтқара көр, сен менің құдайымсың ғой!”— дейді+.
18 Мұндай адамдар ештеңе білмейді, түсінбейді де+,
Өйткені көздері жабық, сондықтан көре алмайды,
Жүректері түсініктен ада.
19 Ешқайсысы байыбына барып ойланбайды,
Оларда білім де, түсінік те жоқ.
“Мен бір бөлігін отқа жақтым,
Шоғына нан пісірдім, ет те қуырып жедім.
Қалай ғана қалғанынан жиренішті пұт жасаймын+?
Қалай ғана бір кесім кепкен ағашқа табынамын?”— демейді.
20 Ол күлді қорек етеді.
Алданған жүрегі теріс жолға жетелейді.
Ол өз жанын құтқара алмайды,
“Оң қолымдағы осы нәрсе жалған емес пе?”— демейді.
21 “Жақып, осыларды есіңде ұста. Исраил, сен де ұмытпа.
Сен менің қызметшімсің.
Сені мен жараттым, сен менің қызметшімсің+.
Ей, Исраил, мен сені еш ұмытпаймын+.
Маған қайта бет бұр, сонда құныңды өтеп аламын+.
23 Ей, көк, шаттана ән сал,
Өйткені Ехоба іске кірісті!
Жер тұңғиығы, жеңімпаз үнмен дауыста!
Таулар, орман және барлық ағаштар,
Қуана дауыстаңдар+!
Өйткені Ехоба Жақыптың құнын өтеп алды,
Исраил арқылы ұлылығын паш етті+!”
“Мен бәрін жаратқан Ехобамын.
Данышпандарды абыржытып,
Білімдерін ақымақтыққа айналдырамын+.
Иерусалим жайында: —Онда қайтадан халық мекендейді!— деймін+,
Яһуда қалалары туралы: —Олар қайта салынады+,
Мен үйінділерді қалпына келтіремін!— деймін+.
27 Терең дарияға: —Кеуіп қал!
Мен өзендеріңнің бәрін кептіріп тастаймын!— деймін+.
28 Кир+ жайында: —Мен тағайындаған бағушы — сол,
Ол менің еркімді толығымен жүзеге асырады+,— деймін.
Иерусалим жайында: —Қала қайта салынсын!— деп бұйырамын.
Ғибадатхана жайында: —Сенің негізің қаланады!— деймін+”.