Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры.
2 Ехоба оны қорғап, аман сақтайды.
Ол бақытты адам деп жарияланады+.
Сен оны ешқашан жауларының еркіне бермейсің+.
3 Ауырып қалғанында, Ехоба оны қолдайды+.
Уа, Құдайым, төсек тартып жатқанында, сен оның қамын жасайсың.
4 Өйткені мен былай дедім: “Уа, Ехоба, ықыласыңды түсіре көрші+,
Жан жарамды сауықтыршы+, себебі мен саған қарсы күнә жасадым+”.
5 Дұшпандарым болса маған жамандық тілеп:
“Ол қашан өліп, аты өшер екен?”— дейді.
6 Біреуі көңілімді сұрап келсе, жүрегінен өтірік сөз шығады,
Өзіме қарсы қолдану үшін пәле іздейді,
Сосын сыртқа шығып, мұны жұртқа жаяды.
7 Мені жек көретіндердің бәрі маған жамандық ойлап, өзара сыбырласады,
Зымияндық жасаудың амалын іздеп былай дейді:
9 Тіпті дастарқандас боп нанымды жеп жүрген,
Өзім сенім артқан жақын досым да+,
Маған қарсы өкшесін көтерді+.
10 Ал сен, уа, Ехоба, маған ықыласыңды түсіріп, орнымнан тұрғызшы,
Оларға қарымтасын қайтарайын.
11 Жауым менен үстем боп айғайламасыншы+,
Сонда өзіңе ұнамды екенімді білетін боламын.
13 Исраилдің Құдайы Ехоба мәңгілікке мадақтала берсін+!
Аумин, иә, аумин.