Зәкәрия
7 Дарий патшаның билік құруының төртінші жылында, тоғызыншы айдың, яғни кислев* айының, төртінші күні Ехоба Зәкәрияға+ сөзін арнады. 2 Бетелдің жұрты Шарезерді, Регем-Мәлік пен оның адамдарын Ехобадан рақым етуін сұрауға жіберді. 3 Олар Әскербасы Ехобаның үйіндегі діни қызметкерлер мен пайғамбарлардан: “Біз* ұзақ жылдар бойы істеп келе жатқанымыздай, бесінші айда+ жылап, ораза ұстай беруіміз керек пе?”— деп сұратты.
4 Сонда Әскербасы Ехоба маған тағы да сөзін арнап былай деді: 5 “Елдің күллі жұртына және діни қызметкерлерге былай деп айт: —70 жыл бойы+ бесінші және жетінші айда+ ораза ұстап, жылағандарыңда, мұны мен үшін істедіңдер ме? 6 Ішіп-жеген кезде, өздерің үшін ішіп-жедіңдер емес пе? 7 Иерусалим мен оның айналасындағы қалаларда ел мекендеген бейбіт кезде, Негев пен Шефелада да жұрт тұрып жатқан кезде, Ехобаның ежелгі пайғамбарлар арқылы айтқан сөздерін+ тыңдауларың керек емес пе еді?”.
8 Ехоба Зәкәрияға тағы сөзін арнап былай деді: 9 “Әскербасы Ехоба: —Әділ сот жүргізіңдер+, бір-біріңе айнымас сүйіспеншілік+ және рақымдылық көрсетіңдер. 10 Жесір мен жетімді+, жатжерлік+ пен кедейді+ алдамаңдар, жүректеріңде бір-біріңе залымдық ойламаңдар+,— дейді. 11 Бірақ кезінде олар айтқанымды еш елемеді+, қасарысып кері бұрылды+, естімес үшін құлақтарын жауып алды+. 12 Олар жүректерін алмастай* қатайтып алып+, Әскербасы Ехобаның өз рухымен ежелгі пайғамбарлар арқылы айтқан заңдары мен сөздерін орындамады+. Сондықтан Әскербасы Ехоба оларға қатты ашуланды+.
13 Мен* шақырғанда, олар құлақ салмаған+, сондықтан олар шақырғанда, мен де құлақ салмадым+,— дейді Әскербасы Ехоба.— 14 Оларды өздері бұрын-соңды білмеген халықтар арасына дауылмен ұшырғандай бытыратып жібердім+. Арттарында қалған ел қаңырап бос қалды, ол жерден ешкім өткен де, оған қайта оралған да жоқ+. Олар көрікті өлкені адам шошырлық күйге түсірді”.