Әйүп
30 Ал енді болса өзімнен кішілер мені мазақ етеді+,
Мен олардың әкелерін өзім түгіл,
Қойларымды күзететін иттеріме де жақындатпас ем.
2 Жастау кісілердің күш-қуатынан маған не пайда?
Олардың қауқары құрып жоқ болды ғой.
3 Жоқшылық пен аштықтан әбден қажыған олар
Дауылдан астан-кестені шығып,
Онсызда қаңырап жатқан жердің топырағын кеміреді.
4 Олар бұта арасынан тұзды шөп жинайды,
Гүлбұршақ бұтасының тамырын азық етеді.
5 Жұрт оларды ел арасынан аластатып+,
Ұрыға айғайлағандай ізіне түсіп айғайлайды.
6 Олар сай-салаларды,
Шұңқырлар мен жартастағы үңгірлерді мекен етеді.
7 Қалың жыңғыл арасынан айғайлайды,
Үймелесіп, қалақай арасында сығылысып отырады.
8 Ақылсыз, түкке тұрғысыз кісілердің балалары болғандықтан,
Олар елден қуып шығарылады.
11 Құдай мені қарусыз қалдырып, төмендетіп еді,
Олар жүгенсіздіктерін алдымда ашық жасайтын болды.
12 Топтасып келіп, оң жағымнан тап береді;
Алдымен өздері қашырып жібереді,
Бірақ сосын жолыма жойқын бөгет қояды.
13 Олар жүретін жолдарымды талқандайды,
Басқа түскен қасіретіме қасірет қосады+,
Ал оларға “Қой!” дейтін ешкім жоқ*.
14 Дуалдағы ойықтан баса-көктеп кіргендей,
Ентелеп тап береді.
15 Менің бойымды үрей билейді.
Абырой-атағым желдей ұшып кетті,
Бақ-дәулетім де бұлттай сейілді.
19 Құдай мені батпаққа лақтырып тастады,
Осылай шаң-тозаң мен күлге айналдым.
20 Өзіңнен жалбарына көмек сұрап ем, жауап бермедің+,
Алдыңда түрегеліп тұрып ем, жай қарап тұра бердің.
21 Өшпенділікпен қарсы шықтың+,
Бар пәрменіңмен қолыңды маған қарай сілтедің.
22 Мені көтеріп алып, желмен ұшырасың,
Сосын дауыл тұрғызып, әрі-бері шайқалтасың*.
23 Білемін, сен мені өлімге ұшыратасың,
Тірі жүргендердің бәрі кездесетін үйге апарасың.
24 Бірақ ешкім де азап шегіп, көмек сұрап жатқан
Жаны күйзелген адамды жұдырықтамайды ғой+!
25 Мен басына күн туғандар үшін көз жасымды төкпеп пе едім?
Жарлы-жақыбай үшін қайғырмап па едім+?
26 Күткенім жақсылық еді, орнына жамандық келді,
Жарықты күтіп едім, қараңғылық орнады.
27 Көңілім алай-түлей болып тыншыр емес,
Басыма қиын-қыстау күндер туды.
28 Күн нұрын көрмей, қараңғыда жүрмін+,
Жұрттың арасында тұрып, айғайлап көмек сұраймын.
31 Арфамды жоқтау айту үшін ғана шертемін,
Сырнайымды жылау үшін ғана тартамын.