Еремия
50 Ехоба Бабылға+, Халдей еліне, қатысты Еремия пайғамбарға былай деді:
2 “Халықтарға естіртіп, жариялаңдар,
Белгі беретін бағана орнатып, бәріне хабарлаңдар,
Ештеңені жасырмаңдар!
—Бабыл жау қолына түсті+.
Жалған тәңір Бел масқара болды+.
Меродахтың* үрейі ұшты.
Оның мүсіндері масқараға қалды.
Жеркенішті пұттарының зәре-құты қашты,— деңдер.
3 Солтүстіктен оған қарсы бір халық келді+.
Ол оның елін адам шошырлық күйге түсірді.
Бірде-бір тұрғыны жоқ.
Адам да, жануар да қашып кеткен.
Олардың біреуі де қалмаған”.
4 “Сол күндері және сол уақытта,— дейді Ехоба,— Исраил мен Яһуда халқы бірге келеді+. Олар жол-жөнекей жылап+, Ехоба Құдайларын бірге іздейтін болады+. 5 Олар Сионға апаратын жолды сұрап, сол жаққа бет бұрып+: —Жүріңдер, ешқашан ұмытылмайтын, мәңгілік келісім+ арқылы Ехобамен бірігейік,— дейтін болады. 6 Менің халқым жоғалған қойлар іспетті болды+. Оларды бағушылары адастырып+, тау жаққа әкетті. Сөйтіп, олар тау-төбелерді кезіп жүріп, өздерінің тынығатын орындарын ұмытты. 7 Оларды тапқандар бас салып жалмады+. Жаулары: —Біздің кінәміз жоқ, өйткені олар Ехобаға, әділдіктің мекені әрі ата-бабалары үміт артқан Ехобаға, қарсы күнә жасады,— деді”.
8 “Бабылдан қашыңдар,
Халдейлердің елінен шығыңдар+,
Отардың алдында жүретін серке не қошқардай болыңдар.
Олар оған сап түзеп келеді.
Сөйтіп, ол солардың қолына түседі.
Жебелері мықты жауынгердің жебелеріндей,
Ата-ананы балаларынан айырады+.
Олар олжасыз қайтпайды.
10 Халдей елі олжаға айналады+.
Оны талан-таражға салғандар әбден қарық болады+”,— дейді Ехоба.
Көк майсада тайыншадай ойнақтап,
Айғырлардай кісіней бердің.
12 Сенің анаң ұятқа қалды+.
Сені дүниеге әкелген оның көңілі қалды.
Міне, ол — халықтардың ішіндегі ең елеусізі,
Ол қуаң тартқан құла түзге, шөл далаға айналды+.
13 Ехобаның ашу-ызасына тигендіктен, енді оны ешкім мекендемейді+.
Ол мүлдем қаңырап бос қалады+.
Өткен-кеткендер Бабылдың басына түскен бар пәлені көріп,
Үрейлене қарап, таңғала ысқыратын болады+.
14 Садақ кергендердің бәрі,
Бабылға жан-жақтан сап түзеп келіңдер!
15 Оған жан-жақтан атой салыңдар!
Ол берілді, бағаналары құлап, қабырғалары қирады+.
Өйткені бұл — Ехобаның кек алуы+.
Одан еселеріңді қайтарыңдар.
Істегенін өз басына келтіріңдер+.
16 Бабылдан диқаншыны да,
Егінге орақ салған орақшыны да құртыңдар+.
17 Исраил халқы тентіреп кеткен қойлар іспетті+. Арыстандар оларды бытыратып жіберді+. Алдымен, оларды Ассирия патшасы жалмады+, сосын, Бабыл патшасы Навуходоносор олардың сүйегін мүжіді+. 18 Сондықтан Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Ассирия патшасын қалай жазаласам+, Бабыл патшасы мен оның елін де солай жазалаймын. 19 Сосын Исраилді өз жайылымына қайтарамын+. Ол Кармил мен Башанда жайылады+, Ефрем+ мен Ғалақаттың+ таулы өңірінде тойынатын болады.
20 Сол күндері және сол уақытта,
Исраилдің айыбын іздестіргенде,
Ол жоқ болып шығады.
Яһуданың күнәлары да табылмайды,
Өйткені өзім аман алып қалғандарды кешіремін+”,— дейді Ехоба.
21 “Сен Мератаим жері мен Пеходтың+ тұрғындарына қарсы аттан.
Оларды қырып-жойып, бірін де қалдырма,
Бұйырғандарымның бәрін орында”,— дейді Ехоба.
22 “Осы елде шайқастың,
Зор апаттың у-шуы естіледі.
23 Жер бетіндегі халықтардың бәрін қиратқан ұста балғасы сынып, қирады+!
Бабыл халықтар арасында қорқынышты көрініске айналды+!
24 Уа, Бабыл, мен саған тұзақ құрдым, сен соған түстің,
Бірақ мұны өзің аңғармадың.
Сен қолға түсіп, тұтқындалдың+.
Өйткені Ехобаға қарсы шықтың.
Өйткені Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехобаның
Халдейлердің елінде бір ісі бар.
Оны астық сияқты төбе-төбе етіп үйіңдер.
Тып-типыл етіп жойыңдар+.
Бірде-бір жан қалмасын.
27 Оның жас бұқаларын қырыңдар+.
Бәрін әкетіп, бауыздаңдар.
Олар қасіретке қалды, өйткені бастарына күн туды,
Жауапқа тартылатын уақыты келді!
28 Бабыл елінен бассауғалағандардың,
Қашқандардың даусы шығады.
Олар Ехоба Құдайымыздың кек қайтарғанын,
Өз ғибадатханасы үшін өш алғанын Сионда жарияламақ+.
Оның айналасына қос тігіңдер, ешкім қашып кетпесін.
Өйткені ол Исраилдің Киелісінің алдында+,
Ехобаның алдында менмендік танытты.
30 Сондықтан жас жігіттері көпшілік алаңдарда мерт болады+,
Сарбаздарының бәрі сол күні қырылады”,— дейді Ехоба.
31 “Міне, мен саған қарсы шығамын+, уа, менмен Бабыл+,— дейді Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба,
—Өйткені сенің күнің, жауапқа тартылатын уақытың келеді.
Мен қалаларыңды отқа ораймын,
Ол айналаңдағының бәрін жалмайды”.
33 Әскербасы Ехоба мынаны айтады:
34 Бірақ олардың Құнын өтеушінің құдіреті зор+.
Оның есімі — Әскербасы Ехоба+.
Ал Бабылдың тұрғындарын абыржытады+”.
35 Ехоба былай дейді: “Өздеріне қарсы көтерілген семсерден халдейлер,
Бабылдың тұрғындары, әміршілері мен данышпандары жойылады+.
36 Бос сөз айтатындарға* қарсы семсер көтеріледі, сонда олар ессіз әрекет етеді.
Оның сарбаздарына семсер көтеріледі, сонда зәре-құттары қалмайды+.
37 Олардың аттары мен соғыс арбаларына,
Арасындағы өзге жұрттарға қарсы семсер көтеріледі,
Сонда олар әйел іспетті әлсіз болып қалады+.
Бабыл қазынасына қарсы семсер көтеріледі, сонда ол талан-таражға түседі+.
38 Суларының айналасы қирап, сулары тартылып қалады+.
Өйткені Бабыл — ойып жасалған мүсіндердің елі+,
Қорқынышты аяндар көргендіктен, олар ессіз әрекет етуде.
Енді қайтып онда ел қоныстанбайды,
Ұрпақтан ұрпаққа қаңырап бос тұрады+”.
40 “Мен Содом, Ғомора+ және көршілес қалаларын+ құртқанымдай, оны да құртамын. Онда ешкім қоныстанбайды, адам баласы тұрмайды+,— дейді Ехоба.
41 —Міне, солтүстіктен бір халық келе жатыр.
Жердің қиыр шеттерінен+ үлкен халық, ұлы патшалар көтеріледі+.
42 Олар садақ пен найзаны епті қолданады+.
Сондай-ақ қатыгез, аяушылықты білмейді+.
Атқа мініп шапқаны долданған теңіздің гүріліндей+.
Уа, Бабылдың қызы, олар саған қарсы сап түзеп,
Бір кісідей келе жатыр+.
Толғатқан әйелдей қиналып, әбден азапқа түсті.
44 Міне, Иорданның бойындағы қалың тоғайлардан қауіпсіз жайылымға шыға келген арыстандай біреу келеді, сол сәтте-ақ мен оларды өз жерінен қашуға мәжбүр етемін. Сосын сол жердің үстінен өзім таңдаған біреуді тағайындаймын+. Маған тең келетін кім бар? Менімен дауласуға кімнің дәті барады? Қандай бағушы маған қарсы тұра алады+? 45 Олай болса, уа, адамдар, Ехобаның Бабылға шығарған шешімін+ және халдейлердің жеріне қарсы не ойластырғанын тыңдаңдар:
Отардағы тоқтылар сүйреп әкетіледі.
Істеген зұлымдықтарының кесірінен мекендері қаңырап бос қалдырылады+.
46 Бабыл қолға түскен кездегі у-шудан жер дірілдейді,
Оның айқайы халықтар арасына жетеді+”.