Титке
2 Ал сен бұдан былай да дұрыс ілімге сай келетінді айта бер+. 2 Жасы үлкендеу ер адамдар барлық жағынан байсалды, салиқалы, есті, сенімі берік, сүйіспеншілігі мен төзімділігі зор болуы тиіс. 3 Сол сияқты жасы үлкендеу әйелдердің де жүріс-тұрыстары қасиеттілерге лайық болуы керек. Сондай-ақ олар жалақор, шарапқа құмар болмай, қайта, ізгілікке үйретсін. 4 Олар өзінен кішілерді ақылға шақырып, өз күйеулері мен балаларын сүюге, 5 есті, пәк таза, үй шаруасына ұқыпты әрі ізгілікті болуға, күйеулеріне мойынсұнуға үйретсін+. Сонда Құдай сөзі жамандалмайды.
6 Жас жігіттерді де естілікке шақырудан талма+. 7 Барлық жағынан игі істеріңмен үлгі көрсет. Барынша салиқалы болып, пәк таза нәрселер жөнінде* тәлім бер+. 8 Сөздерің ешкім сынға алмайтындай дұрыс болсын+, сонда қарсыластар бізді жамандауға себеп таппай, ұятқа қалады+. 9 Құлдар өз қожайындарына барлық жағынан мойынсұнып+, көңілдерінен шығуға тырыссын. Оларға қарсы сөйлемесін, 10 ештеңесін ұрламасын+, қайта, толықтай сенім артуға тұрарлықтай болсын. Осылайша Құтқарушымыз Құдайдың ілімін барлық жағынан көркейтсін+.
11 Әртүрлі адамдардың құтқарылуына жол ашып+, Құдай өз рақымын анық көрсетті. 12 Бұл рақым бізді оған ұнамсыз жүріс-тұрыстан және осы дүниелік құмарлықтардан+ бас тартуға, сондай-ақ осы заманда* есті, әділ әрі оған шын беріліп өмір сүруге үйретеді+. 13 Біз керемет үмітіміздің+ ақталуын әрі ұлы Құдайдың және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің салтанатпен көрінуін күте жүріп, осылай өмір сүруіміз керек. 14 Бізді түрлі заңсыздыққа толы өмірден азат ету+ үшін және өзінің ерекше меншігі, яғни игі істерге ынталы халқы, етіп тазарту+ үшін Мәсіх өмірін қиды+.
15 Осыларды әрі қарай да айта бер, өйткені саған ақыл-кеңес беруге* әрі түзетуге барлық билік берілді+. Ешкімнің өзіңді менсінбеуіне жол берме.