Ишая
Даналық+ пен мол түсінік дарытады,
Ол керемет кеңесші, зор күш+ пен мол білім иесі болады,
Әрі Ехобаны барынша қастерлейтін болады.
3 Ехобадан қорқу оған қуаныш сыйлайды+.
Ол тек көргеніне сай төрелік етпейді,
Тек естігеніне сай түзетпейді+.
4 Қайта, жарлыға әділ үкім шығарады,
Жердегі момындардың мүддесі үшін халықты турашылдықпен түзетеді.
Оның сөздері жер тұрғындары үшін таяқпен дүре соққандай болады+,
Зұлымдарды аузынан шыққан демімен жоқ қылады+.
6 Сонда қасқыр мен қозы тату-тәтті тұрады+,
Лақ қабыланмен бірге тынығады,
Бұзау мен арыстан, қоңды мал — бәрі бірге жүреді*+,
Оларды кішкентай бала бастап алып жүреді.
7 Сиыр мен аю қатар жайылып,
Бұзаулары мен қонжықтары бірге тынығады.
Арыстан бұқа іспетті сабан жейді+.
8 Емізулі бала кобра інінің қасында ойнайды,
Емшектен шығарылған бала улы жыланның ініне қолын тығады.
Өйткені теңіздің суға толы болатынындай,
Жер беті Ехоба туралы білімге толады+.
10 Сол күні Есейдің тамыры+ халықтар үшін белгі болып тұрады+.
Ұлттар содан басшылық іздейтін болады+,
Оның тынығатын орны даңққа бөленеді.
11 Сол күні Ехоба Ассирия+, Мысыр+, Патрос+, Құш+, Елам+, Шинар*, Хаматтан және теңіз аралдарынан+ халқының аман қалған тамтығын шығару үшін қайтадан, екінші рет қолын ұсынады. 12 Ол ұлттар үшін белгі қойып, Исраилдің шашырап кеткен халқын жинайды+. Яһуданың бытырап кеткен халқын жердің төрт бұрышынан жинап алады+.
Ефрем Яһуданы күндеуін қояды,
Яһуда да Ефреммен жауласпайтын болады+.
Ыстық демімен оның жеті саласын ұрады да*,
Жұрт сандалдарын шешпей-ақ өтетіндей етеді.