13 Ақылды бала әке тәрбиесіне көнеді+,
Мазақтағыш сөгіске құлақ аспайды+.
2 Адам ізгі сөзінің игілігін көреді+,
Опасыздар зорлық-зомбылықты көксейді.
3 Аузына ие болған жанын сақтар+,
Ал аузына ие болмаған құрып кетер+.
4 Еріншек аңсайды, бірақ түгі жоқ+,
Ал ынталы жан жүрер тоқ+.
5 Әділ адам өтірікті жек көрер+,
Зұлымның ісі ұятқа қалдырып, масқара етер.
6 Кінәратсыз жүргенді әділдігі сақтар+,
Күнәкарды зұлымдығы құлатар.
7 Түгі жоқ болса да, бай көрінгісі келетіндер бар+,
Аса дәулетті болса да, кедей көрінгісі келетіндер бар.
8 Байдың байлығы өмірі үшін төлем болады+,
Ал кедейге тіпті қауіп те төнбейді+.
9 Әділдің жарығы күндей жарқырайды+,
Зұлымның шырағы өшеді+.
10 Менмендік тек ұрыс-жанжал тудырар+,
Ақылдасатындар даналыққа ие болар+.
11 Оңай жолмен табылған байлық таусылар+,
Қолмен біртіндеп жиналған байлық молаяр.
12 Ұзақ күттірген үміт ауыртады+ жүректі,
Орындалған тілек — өмір ағашы+.
13 Тәлімді елемеген сазайын тартар+,
Ал өсиетті құрметтеген сыйын алар+.
14 Дананың тәлімі — өмірдің қайнар көзі+,
Ол өлімнің тұзағынан құтқарар.
15 Терең түсінік адамды ұнамды етер,
Опасыздық өмірді қайғы-қасіретке толтырар.
16 Парасатты біліммен әрекет етер+,
Ал надан өз надандығын жария етер+.
17 Залым хабаршы апатқа ұшырар+,
Адал елші игілік әкелер+.
18 Тәрбиені елемеудің түбі — жоқшылық пен масқара,
Түзетуге көнгеннің келешегі — қадір-құрмет+.
19 Орындалған тілек жанды жадыратады+.
Надан жамандықтан аулақ жүруді жек көреді+.
20 Данамен жүрген дана болар+,
Ақылсызбен араласқан жапа шегер+.
21 Күнәкардың қыр соңынан пәле қалмас+,
Әділдің көсегесі көгерер+.
22 Жақсы адам немерелеріне мұра қалдырар,
Күнәкардың байлығы әділ жанға сақталар+.
23 Жарлының жыртқан жері мол өнім берер,
Бірақ ол әділетсіздіктің кесірінен құрып та кетер.
24 Таяғын аяған баласын жек көреді+,
Баласын жақсы көрген орнымен жөнге салады+.
25 Әділ жан тойғанынша жер+,
Зұлым ашқұрсақ жүрер+.