Салоникалықтарға 1-хат
5 Ал уақыттар мен мезгілдерге келер болсақ, бауырластар, сендерге бұл туралы жазудың қажеті жоқ. 2 Өйткені Ехобаның күні+ тап ұрының түнде түсетіні сияқты келетінін+ өздерің де жақсы білесіңдер. 3 Жұрт: “Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!”— деп жүргенде, жүкті әйелдің толғағы кенеттен басталатыны іспетті, олардың да жойылатын кезі кенеттен келеді+. Сонда олар еш құтылмайды. 4 Бірақ, бауырластар, сендер ұрылар сияқты түнекте емессіңдер, сондықтан бұл күн сендер үшін қапылыста келмейді. 5 Өйткені бәрің де жарықтың ұлдарысыңдар және күннің ұлдарысыңдар+. Біз түндікі де, түнектікі де емеспіз+.
6 Сондықтан басқаларға ұқсап ұйықтамай+, қайта, ояу+ әрі қырағы жүрейік+. 7 Себебі ұйықтайтындар түнде ұйықтайды, мас болатындар да түнде мас болады+. 8 Бірақ біздер — күннің ұлдары — қырағы жүрейік, сенім мен сүйіспеншілікті сауыт қылып, ал құтқарылуға деген үмітімізді дулыға етіп киейік+. 9 Себебі Құдай бізді қаһарына ұшырату үшін емес, Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарылу үшін таңдап алды+. 10 Иса біз үшін өмірін қиды+. Ол мұны ояу жүрсек те, ұйықтап жатсақ* та онымен бірге өмір сүруіміз үшін істеді+. 11 Сондықтан бір-біріңді жұбатып*, нығайтып жүргендеріңдей+, әрі қарай да солай ете беріңдер.
12 Бауырластар, сендерден сұрайтынымыз — араларыңда ауыр еңбектеніп, Иеміздің ісінде жетекшілік етіп, ақыл-кеңес беріп жүргендерді қадірлеңдер. 13 Оларды еңбектері үшін айрықша құрметтеп+, жақсы көріңдер. Өзара тату болыңдар+. 14 Бауырластар, өздеріңнен тағы мынаны өтінеміз: тәртіп бұзатындарға ескерту жасаңдар+, жаны күйзеліп жүргендерді жұбатыңдар, әлсіздерді қолдаңдар, барлық адамдарға төзімді болыңдар+. 15 Байқаңдар, ешкім жамандыққа жамандықпен қайтармасын+, қайта, әрқашан бір-біріңе де, өзгелерге де жақсылық жасауға ұмтылыңдар+.
16 Әрдайым қуаныңдар+. 17 Ұдайы дұға етіңдер+. 18 Барлық жағдайда Құдайға алғыс айтыңдар+. Өйткені Мәсіх Исамен бірліктегі сендерге қатысты Құдайдың еркі — осы. 19 Рухтың жалынын өшірмеңдер+. 20 Пайғамбарлықтарға немкетті қарамаңдар+. 21 Бәрін тексеріңдер+ де, жақсысын ғана берік ұстаныңдар. 22 Жамандық атаулыдан аулақ жүріңдер+.
23 Тыныштықтың Құдайы сендерді толығымен қасиетті ете көрсін. Иеміз Иса Мәсіх осында болған кезде* өздеріңе ортақ бүкіл рух, жан мен дене барлық жағынан кіршіксіз сақталғай+. 24 Сендерді шақырған Құдай адал, ол бұны жүзеге асырады.
25 Бауырластар, біз үшін дұға ете беріңдер+.
26 Барлық бауырластармен сүйіспеншілікпен сүйіп амандасыңдар.
27 Осы хатты бауырластардың бәріне оқып беріңдер+ деп, сендерге Иеміздің алдында үлкен міндеттеме жүктеймін.
28 Сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы жаусын!