Марқа
11 Олар Иерусалимге таяп, Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетанияға+ жақындағанда, Иса екі шәкіртін жұмсап+, 2 былай деді: “Алдарыңда жатқан ауылға барыңдар. Оған кірген бойда, әлі ешкім мінбеген байлаулы тұрған тайқарды көресіңдер. Соны шешіп әкеліңдер. 3 Егер біреу: —Не істеп жатырсыңдар?— деп сұраса, —Бұл Иемізге қажет, кейін бірден кері қайтарады,— деп айтыңдар”. 4 Олар барып, көше бойындағы бір үйдің есігінің алдында байлаулы тұрған тайқарды көрді де, оның жібін шешті+. 5 Сол жерде тұрғандардың кейбірі: “Тайқарды шешіп не істемексіңдер?”— деді. 6 Шәкірттер болса Иса айтқандай жауап берді, сонда әлгі кісілер оларды жөніне жіберді.
7 Содан шәкірттер оны Исаға әкелді де, үстіне жамылғыларын жапты. Ол тайқарға мінді+. 8 Көптеген адамдар жолға жамылғыларын жайса, өзге біреулері даладан кесіп алған жапырақты бұтақтарды төседі+. 9 Исаның алды-артындағы жұрт былай деп дауыстап келе жатты: “Осы кісіні құтқара көр+! Ехобаның атынан келе жатқан ол жарылқанған+! 10 Арғы атамыз Дәуіттің орнағалы жатқан Патшалығы жарылқанған+! Заңғар көктегі Құдай, осы кісіні құтқара көр!” 11 Сонымен, ол Иерусалимге келді. Ғибадатханаға кіріп, оны айнала қарап шықты да, кеш болып қалғандықтан, 12 елшісімен Бетанияға кетті+.
12 Келесі күні олар Бетаниядан шыққанда, Исаның қарны ашты+. 13 Ол алыстан жапырақ жайған інжір ағашын көріп, жемісі бар шығар деп қасына барды. Бірақ жапырақтан басқа ештеңе таппады, өйткені інжірдің жеміс беретін мезгілі әлі келмеген еді. 14 Сонда ол: “Бұдан былай ешкім жемісіңнен дәм татпасын!”— деді+. Мұны шәкірттері естіп тұрды.
15 Олар Иерусалимге келді. Иса ғибадатханаға кіріп, ондағы сатушылар мен алушыларды қуып шыға бастады. Ақша айырбастаушылардың үстелдері мен көгершін сатушылардың орындықтарын аударып тастады+, 16 сондай-ақ ешкімнің ғибадатхана арқылы зат алып өтуіне рұқсат етпеді. 17 Ол жұртқа тәлім беріп: “Киелі жазбада “менің үйім барлық халықтар дұға ететін үй деп аталатын болады” делінген емес пе+? Ал сендер оны қарақшылардың ордасына айналдырдыңдар!”+— деді. 18 Мұны жоғарғы діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері естіп, оны өлтірудің жолын іздей бастады+. Өйткені жұрттың бәрі оның тәліміне қайран қалып жүргендіктен, олар Исадан қорықты+.
19 Кеш түсе Иса шәкірттерімен қаладан шықты. 20 Келесі күні таңертең олар інжір ағашының қасынан өтіп бара жатып, оның тамырына дейін қурап қалғанын көрді+. 21 Сонда кешегі жайт есіне түсіп, Петір: “Ұстаз, қараңызшы! Сіз қарғаған інжір ағашы қурап қалыпты”,— деді+. 22 Иса оларға келесідей жауап қайырды: “Құдайға сеніңдер. 23 Сендерге шындығын айтамын, кімде-кім мына тауға: —Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!— десе, әрі еш күмәнданбай, бұның жүзеге асатынына сенсе, айтқаны орындалады+. 24 Сондықтан сендерге мынаны айтамын: дұғада не тілесеңдер де, сұрағандарыңды алып қойғандай сеніңдер. Сонда оны міндетті түрде аласыңдар+. 25 Ал дұға етіп тұрғанда, көктегі Әкелерің күнәларыңды кешіру үшін, біреуге деген реніштеріңді сендер де кешіріңдер+”. 26 * ——
27 Олар қайтадан Иерусалимге келді. Иса ғибадатхананың ауласында жүргенде, оған жоғарғы діни қызметкерлер, дін мұғалімдері мен ақсақалдар келіп: 28 “Бұларды қандай билікпен істеп жүрсің? Мұндай билікті саған кім берді?”— деп сұрады+. 29 Иса былай деді: “Мен де сендерге бір сұрақ қояйын, соған жауап беріңдер. Сонда бұларды қандай билікпен істеп жүргенімді мен де айтамын. 30 Жақия шомылдыру рәсімін жасауға билікті+ көктен алды ма, әлде адамдардан ба? Осыған жауап беріңдер+”. 31 Олар өзара былай деп пікірлесе бастады: “Егер: —Көктен,— десек, ол: —Онда неге оған сенбедіңдер?— дейді. 32 Әлде: —Адамдардан,— деп айтайық па?” Бірақ олар бұлай деуге қорықты, өйткені жұрттың бәрі Жақияны пайғамбар санайтын+. 33 Сондықтан Исаға: “Білмейміз”,— деп жауап берді. Сонда ол: “Ендеше, бұларды қандай билікпен істеп жүргенімді мен де айтпаймын”,— деді.