Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. “Таңғы марал”*. Дәуіттің жыры.
22 Құдайым, Құдайым, неге мені жалғыз қалдырдың+?
Неге менен алыссың, неге құтқармайсың?
Неге жан даусыма құлақ аспай, алшақ тұрсың+?
2 Уа, Құдайым, күні бойы шақырсам да, сен жауап бермейсің+,
Түнде де өзіңді шақырып тыным көрмеймін.
5 Олар өзіңнен көмек сұрап жалбарынды да, аман қалды;
Саған арқа сүйеген еді, сенімдері ақталды+.
6 Алайда мен адам емес, небәрі құртпын,
Жұрт мені мазақтайды, адам құрлы көрмейді+.
8 “Ол Ехобаға арқа сүйепті, онда оны құтқарып алсын!
Оған соншама қымбат екен, ендеше, аман алып қалсын!”+
9 Сен мені ана құрсағынан алып шығып едің+,
Бауырында жатқанымда қауіпсіздік сыйлап едің.
10 Туыла сала сенің қамқорыңа берілдім,
Ана құрсағында жатқаннан-ақ менің Құдайым едің.
13 Жемтігін паршалайтын ақырған арыстандай
Олар маған қарсы арандарын ашады+.
14 Күшім судай төгіліп, таусылды,
Сүйектерім буынынан босап қалды.
Жүрегім балауыздай еріп+, кеудемде балқып кетті+.
15 Күшім таусылды, қыш ыдыстың сынығындай қурап кеттім+,
Тілім таңдайыма жабысып қалды+;
Сен мені орға түсірдің, өлім топырағына бердің+.
17 Барлық сүйектерімді санап шыға аламын+.
Жауларым маған қарайды, қалт жібермей көздерін қадайды.
19 Бірақ сен, уа, Ехоба, менен алыста тұра бермеші+.
Күш-қуатым өзіңсің, тездетіп көмекке келші+!
20 Семсерден жанымды құтқаршы,
Баға жетпес өмірімді айбат шеккен төбеттерден сақташы+.
23 Ей, Ехобадан қорқатындар, оны мадақтаңдар!
Жақыптың күллі ұрпағы, оны дәріптеңдер+!
Исраилдің бар ұрпағы, оны терең қастерлеңдер.
24 Себебі ол қаналғанның қасіретін елеусіз қалдырмады, одан жиренбеді+.
25 Сені үлкен жиында мадақтаймын+;
Өзіңнен қорқатындардың алдында анттарымды орындаймын.
Лайым олар мәңгілік бойы өмірдің рақатын көрсін!
27 Жердің шет-шетінің бәрі Ехобаны еске алады, оған бет бұрады.
Сенің алдыңда күллі ұлттардың тайпалары бас ұрады+.
28 Өйткені Ехоба — Патша+,
Ол халықтарды басқарады.
29 Жер бетіндегі дәулеттілердің бәрі ішіп-жеп, оған тәжім етеді,
Қара жерге кіретіндердің бәрі тізе бүгеді,
Ешкім жанын аман алып қала алмайды.
30 Олардың ұрпақтары Құдайға қызмет етеді,
Келер ұрпаққа Ехоба туралы жария етіледі.
31 Олар келіп, оның әділдігі туралы айтады,
Иә, туылғалы жатқан халыққа оның не істегенін ашады.