Жақып
4 Араларыңда қақтығыс пен дау-жанжал қайдан шығады? Бойларыңдағы күресіп жатқан құмарлықтарыңнан туады емес пе+? 2 Сендер қалайсыңдар, бірақ иемденбейсіңдер; кісі өлтіресіңдер, сұқтанасыңдар, бірақ аңсағандарыңа қол жеткізе алмайсыңдар. Жанжалдасып, қақтығысуды да қоймайсыңдар+. Ал ие болмауларыңның себебі — Құдайдан сұрамайсыңдар. 3 Сұрасаңдар да, алмайсыңдар, өйткені құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін арам ниетпен сұрайсыңдар.
4 Опасыздар*, осы дүниемен дос болу — Құдаймен жауласу екенін білмейсіңдер ме? Сондықтан кім осы дүниемен достасқысы келсе, сол өзін Құдайға жау етеді+. 5 Әлде Жазбада: “Бойымыздағы қызғаныш рухы әйтеуір бір нәрсені құмартады да тұрады”+,— деп бекер айтылған дейсіңдер ме? 6 Алайда Құдайдың көрсететін рақымы мұндай рухтан әлдеқайда зор. Сондықтан да: “Құдай тәкаппарларға қарсы тұрады+, ал кішіпейілдерге рақымын төгеді”+,— делінген.
7 Олай болса, Құдайға бағыныңдар+, ал Ібіліске қарсы тұрыңдар+, сонда ол сендерден қашып кетеді+. 8 Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды+. Күнәкарлар, қолдарыңды жуыңдар+! Екіойлылар, жүректеріңді тазартыңдар+! 9 Қиналып, қайғырып, жылаңдар+. Күлкілерің қайғыға, қуаныштарың мұңға айналсын! 10 Ехобаның алдында кішірейіңдер+, сонда ол сендерді жоғарылатады+.
11 Бауырластар, бір-біріңді жамандауды доғарыңдар+! Бауырласын жамандайтын не соттайтын адам заңға қарсы сөйлеп, заңды соттайды. Егер заңды соттайтын болсаң, оны орындаушы емес, соттаушы болғаның. 12 Адамды құтқара да, құрта да алатын+ бір ғана Заң шығарушы әрі Соттаушы бар+. Ал өзгені соттайтындай сен кімсің+?!
13 “Бүгін не ертең пәлен қалаға барып, сонда бір жыл тұрып, сауда жасап, пайда табамыз” дейтіндерің құлақ түріңдер+: 14 сендер ертең өмірлеріңде не болатынын білмейсіңдер+. Өйткені сендер аз уақытқа пайда болып, кейін ғайып болатын бусыңдар+. 15 Мұның орнына: “Ехобаның қалауы болса+, аман жүріп, мынаны не ананы істейміз”,— дегендерің жөн. 16 Ал сендер паңдана мақтанып, көкірек көтересіңдер. Бұндай көкіректіктің бәрі — зұлымдық. 17 Қалай дұрыс әрекет ету керектігін білсе де, солай етпейтін адам күнә жасайды+.