Еврейлерге
5 Адамдар арасынан таңдалған әрбір бас діни қызметкер сый-тартулар ұсыну, күнәні өтейтін құрбандықтар шалу+ арқылы адамдар үшін Құдайға қызмет етуге тағайындалады+. 2 Өзінің де әлсіздіктері болғандықтан, ол білместікпен қателік жасайтындарға жанашырлықпен қарай алады. 3 Ол халықтың күнәсі үшін құрбандықтар шалатынындай, өз күнәсі үшін де солай етуі тиіс+.
4 Сонымен қатар мұндай құрметке адам өздігінен ие болмайды, бұған тек Құдай тағайындайды. Харон да солай тағайындалған еді+. 5 Мәсіх те бас діни қызметкер болу құрметін өзі иемденген жоқ+, қайта: “Сен менің ұлымсың. Бүгін мен саған әке болдым”+,— деген Құдай оны даңққа бөледі. 6 Тағы бір жерде ол: “Сен Мәліксадық сияқты мәңгілікке діни қызметкерсің”+,— деген.
7 Жер бетінде болғанда, Мәсіх өзін аман алып қала алатынға қатты дауыстап, көз жасын төгіп қайта-қайта жалбарынғанда әрі тілегін білдіргенде+, Құдайдан қорқатын болғандықтан дұғасына жауап алды. 8 Ол Құдай Ұлы бола тұра, шеккен азаптары арқылы мойынсұнуды үйренді+. 9 Толықтай кемелденгеннен кейін+, ол өзіне мойынсұнатындардың бәріне мәңгілік құтқарылуға жол ашты+. 10 Себебі Құдай оны Мәліксадық сияқты бас діни қызметкер етіп тағайындады+.
11 Ол туралы айтарымыз көп, бірақ оларды түсіндіру қиын, өйткені сендер селқос тыңдайтын болып кеттіңдер. 12 Өздерің тәлімгер болатын уақыт жетсе де, сендерге әлі де Құдайдың қасиетті сөзіндегі бастапқы ілімдерді+ үйрететін біреу қажет. Сендерге қатты тағам емес, қайтадан сүт керек. 13 Ал сүтпен қоректенетін адам әділдік сөзін білмейді, өйткені ол — бала+. 14 Қатты тағам болса түйсіну қабілетін қолдану арқылы машықтандырып, жаман мен жақсыны ажырата алатын рухани толысқан адамдарға арналған.