Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән. Сүлейменнің жыры.
127 Үйді Ехоба салмаса,
Құрылысшылардың ауыр еңбегі бекер+.
Қаланы Ехоба күзетпесе+,
Күзетшілердің сергек жүргені бекер.
2 Сендердің ерте тұрып, кеш жатқандарың да,
Нан табу үшін тер төккендерің де бекер.
Өйткені Құдай өзі сүйетіндердің қамын жасайды;
Олар бейқам ұйықтайды+.
3 Міне, балалар — Ехобаның берген мұрасы+;
Іштен шыққан перзент — оның сыйы+.
4 Адамның жас кезінде туған ұлдары
Жауынгердің қолындағы жебелерге ұқсайды+.
5 Қорамсағын осындай жебеге толтырғандар бақытты+,
Олар ұятқа қалмайды,
Өйткені олар қақпа алдында жауларымен сөйлеседі.