Зәбүр
Ән. Асаптың+ жыры.
3 Олар халқыңа қарсы зымиян жоспар құруда,
Өзіңе қымбат жандарға қастандық ойлауда.
5 Олар бірауыздан сөз байласты,
Мыналар саған қарсы одақтасты+:
6 Шатырларда тұратын едомдықтар мен ысмағұлдықтар, Моаб+ пен ажарлықтар+,
7 Гебал, Аммон+ мен Амалек, Тир тұрғындары+ мен Філістір елі+.
9 Оларға Мадиянға істегеніңді істеші+,
Қишон суының бойында Сисара мен Ябинге көрсеткеніңді көрсетші+.
12 Өйткені олар: “Құдай мекендейтін жерді иемденейік!”— деді.
14 Орманды жалмайтын оттай,
Тауларды күйдіріп жіберетін жалындай+,
15 Дауылыңмен соңдарына түсші+,
Бораныңмен оларды үрейлендірші+.
16 Уа, Ехоба, оларды қарабет қылшы,
Есіміңнің ұлы екенін мойындасын.
17 Олар ұятқа қалсын, мәңгі үрейленіп жүрсін,
Масқара болып, құрып кетсін.