Зәбүр
Дәуіттің жыры.
א [Алеф]
ב [Бет]
4 Ехобадан зор қуаныш тап,
Сонда ол жүрек қалауыңды орындайды.
ג [Гимел]
6 Ол әділдігіңді таң шапағындай,
Адалдығыңды тал түстегі күндей жарқыратады.
ד [Далет]
7 Ехобаның алдында тіс жарма+,
Оны шыдаммен күт;
Өз пиғылын жүзеге асырып,
Табысқа жеткен адамды көргенде, ызаланба+.
ה [Хе]
ו [Вав]
ז [Заин]
12 Зұлым адам әділге қарсы зымияндық ойлайды+,
Оған тісін қайрайды.
13 Бірақ Ехоба оған күледі,
Өйткені оның құритын күні келетінін біледі+.
ח [Хет]
14 Қаналушы мен жарлыны құлату үшін,
Тура жолмен жүргендерді сұлату үшін,
Зұлымдар семсерін суырады, садағын иеді.
15 Бірақ семсерлері өз жүректеріне қадалады+,
Садақтары быт-шыт болып сынады.
ט [Тет]
16 Көп зұлымның мол дәулетінен
Бір әділдің азғана мал-мүлкі әлдеқайда артық+.
17 Себебі зұлымның қолы сынады,
Ал әділ жанды Ехоба қолдайды.
י [Йод]
18 Ехоба кінәратсыздардың өмір жолын біледі,
Олардың мұралы иелігі мәңгі сақталады+.
19 Қиын-қыстау кезеңде олар ұятқа қалмайды,
Жұт кезінде оларда молшылық болады.
כ [Каф]
20 Ал зұлымдар құрып кетеді+,
Ехобаның жаулары жайлаудың шүйгін шөбіндей солады,
Түтіндей лезде ғайып болады.
ל [Ламед]
22 Құдайдың батасына ие болғандар жерді мұра етеді,
Ал оның қарғысына ұшырағандар құрып кетеді+.
מ [Мем]
נ [Нун]
Не оның балаларының нан сұрап жүргенін еш көрмедім+.
26 Әділ адам әрдайым қарызға береді+,
Балалары да батаға кенеледі.
ס [Самех]
27 Жамандықтан қашық, жақсылыққа асық бол+,
Сонда мәңгі өмір сүресің.
ע [Аин]
פ [Пе]
צ [Цади]
32 Зұлым әділді аңдиды,
Оның көзін құртудың жолын іздейді.
ק [Коф]
34 Ехобаға үміт артып, оның жолымен жүр,
Сонда ол мерейіңді өсіріп, жерді мұраға береді.
Зұлым құрып жоқ болғанда+, бұны көзің көреді+.
ר [Реш]
35 Мен қатыгез, зұлым адамды көрдім,
Ол өз жерінде жайқалып өскен ағашқа ұқсайтын+.
ש [Шин]
38 Ал заңсыздық жасаушылар түгелдей жойылады,
Зұлымдардың болашағына балта шабылады+.
ת [Тав]