Ешуа
3 Ешуа мен бүкіл исраилдіктер ерте тұрып, Шиттимнен+ шығып, Иорданға келді. Олар өзеннен өтпес бұрын сонда түнеді.
2 Үш күннен соң халық басқарушылары+ қосты аралап, 3 жұртқа былай деп бұйырды: “Құдайларың Ехобаның келісім сандығы мен оны көтеріп келе жатқан леуілік діни қызметкерлерді+ көрген бойда, орындарыңнан тұрып, соңдарынан еріңдер. 4 Бірақ тым жақындамай, шамамен 2000 шынтақ* арақашықтық сақтаңдар. Сонда қайда жүру керектігін біліп отырасыңдар, себебі бұл жолмен бұрын-соңды жүрмегенсіңдер”.
5 Ешуа халыққа: “Дайын болыңдар*+, өйткені Ехоба ертең араларыңда ғажап істер жасамақ+”,— деді.
6 Сосын діни қызметкерлерге: “Келісім сандығын+ алып, халықтың алдында жүріңдер”,— деп тапсырды. Олар сандықты алып, халықтың алдына түсті.
7 Бұдан кейін Ехоба Ешуаға мынаны айтты: “Мұсаға жар болғанымдай+, саған да жар болатыныма көздері жету үшін+, бүгіннен бастап бүкіл исраилдіктердің алдында мерейіңді өсіремін+. 8 Сен діни қызметкерлерге “Иорданның жағасына жетіп, аяқтарың суға тигенде, тоқтап тұра қалыңдар” деп бұйыр+”.
9 Ешуа исраилдіктерге: “Мұнда келіп, Құдайларың Ехобаның сөздерін тыңдаңдар,— деді де, 10 былай деп қосты: —Тірі Құдай сендердің араларыңда екенін+ және қанахандықтар, хеттіктер, хевтіктер, перездіктер, гергестіктер, аморлықтар мен ебустіктерді құртып жіберетінін+ келесі жайттан білесіңдер: 11 міне, бүкіл жер Иесінің келісім сандығы Иорданның арнасына сендерден бұрын түседі. 12 Өздеріңе Исраил руларынан 12 адам, әрбір рудан бір-бір адамнан, таңдап алыңдар+. 13 Бүкіл жер Иесі Ехобаның келісім сандығын әкеле жатқан діни қызметкерлердің аяқтары суға тие салысымен, Иорданның ағып жатқан суы бөгет қойылғандай тоқтап қалады+”.
14 Сонымен халық шатырларын жиып, Иорданнан өту үшін жолға шыққанда, келісім сандығын+ көтерген діни қызметкерлер олардың алдына түсті. 15 Діни қызметкерлер Иорданға жетіп, аяқтары суға тигенде (Иордан болса орақ кезінде арнасынан тасып жататын+), 16 ағып келе жатқан су шалғайдағы Саретанның маңындағы Адам қалаларының тұсында бөгет қойылғандай кілт тоқтады. Ал Арабадағы Тұзды теңізге* құйылатын су тартылып қалды. Сөйтіп, халық Иерихонның тұсынан арғы бетке өтті. 17 Ехобаның келісім сандығын көтеріп тұрған діни қызметкерлер бүкіл Исраил халқы Иорданнан өтіп болғанша, өзеннің ортасындағы құрғаған жерде+ тапжылмай тұрды+.