Нехемия
10 Бұны растап, өз мөрлерімен бекіткендер+ мыналар:
Әмірші Ақалия ұлы Нехемия,
Сондай-ақ Седекия, 2 Сераях, Азариях, Еремия, 3 Пашхур, Амариях, Малхиях, 4 Хатуш, Шебаниях, Малух, 5 Харим+, Меремот, Абадия, 6 Даниял+, Гинетон, Барух, 7 Мешулам, Әбиях, Миямин, 8 Мағазиях, Білғай, Шемаях. Бұлар діни қызметкерлер еді.
9 Сонымен қатар келесі леуіліктер болды: Азаниях ұлы Ешуа, Хенададтың ұлдарының бірі Бинуй, Кадмиел+, 10 олардың бауырлары Шебаниях, Ходиях, Келита, Пелаях, Ханан, 11 Миха, Рехоб, Хашабиях, 12 Закур, Шеребиях+, Шебаниях, 13 Ходиях, Бани және Бенину.
14 Сол жерде болған ел басшылары мыналар: Парош, Пахат-Моаб+, Елам, Зату, Бани, 15 Буни, Азғат, Бебай, 16 Адониях, Бигуай, Әден, 17 Атер, Езекия, Азур, 18 Ходиях, Хашум, Бесай, 19 Харип, Анатот, Небай, 20 Мақпияш, Мешулам, Хезир, 21 Мешезабел, Садық, Жадуа, 22 Пелатиях, Ханан, Анаях, 23 Хошия, Хананиях, Хашуп, 24 Халохеш, Пилха, Шобек, 25 Рехум, Хашабнах, Мағасеях, 26 Ахия, Ханан, Анан, 27 Малух, Харим, Бағанах.
28 Қалған жұрт — діни қызметкерлер, леуіліктер, қақпа күзетшілері, әншілер, ғибадатхана қызметшілері, сондай-ақ Құдай берген Заңды орындау үшін айналасындағы халықтардан бөлектенген адамдар+, олардың әйелдері мен ұл-қыздары, осы антты білетін әрі түсінетіндердің бәрі* — 29 бауырларына, беделді кісілерге, қосылып, егер орындамасақ, қарғыс атсын деп келесідей ант берді: Құдай өзінің қызметшісі Мұса арқылы берген Заңды ұстанамыз, Иеміз Ехобаның барлық бұйрықтарын, шешімдері мен нұсқауларын мұқият орындаймыз, 30 айналадағы халықтармен құда-жекжат болып, қыз алысып, қыз беріспейміз+.
31 Демалыс күні айналамыздағы халықтар бұйымдары мен дәнді дақылдарын сатуға әкелсе, Демалыс күні+ не өзге де қасиетті күн болсын, олардан ештеңе сатып алмаймыз+. Сондай-ақ жетінші жылы жерімізді тынықтырамыз+, барлық қарызды кешеміз+.
32 Сонымен қатар келесідей міндеттеме алдық: жыл сайын шекелдің* үштен бір бөлігін Құдайымыздың үйіндегі қызмет үшін+, 33 Демалыс күні мен Жаңа туған айда* үнемі әкелінетін күлшелер*+, астық тартуы+ мен түгел өртелетін құрбандық үшін+, сондай-ақ белгіленген мейрамдар үшін+, қасиетті нәрселер үшін, Исраилдің күнәсін өтейтін күнә құрбандықтары үшін+ және Құдайымыздың үйіндегі басқа да жұмыстар үшін беріп тұрамыз.
34 Сондай-ақ Құдайымыздың үйіне қажетті отынды діни қызметкерлер, леуіліктер және жұрт жыл сайын қай уақытта, қандай әулет алып келетінін белгілеу үшін жеребе тастадық. Бұл отын, Заңда жазылғанға сай, Ехоба Құдайымыздың құрбандық ошағында жағылады+. 35 Бұған қоса, жеріміз бен әртүрлі жеміс ағаштарымыздың алғашқы өнімдерін жыл сайын Ехобаның үйіне әкеліп тұрамыз+, 36 сонымен қатар, Заңда жазылғанға сай, тұңғыш ұлдарымызды және малымыздың, ұсақ әрі ірі қара малдың, алғашқы төлдерін+ Құдайымыздың үйіне, сонда қызмет етіп жүрген діни қызметкерлерге әкелеміз+. 37 Алғашқы жиналған астықтың жармасын+, сый-тартуымызды, әртүрлі жеміс ағашының мәуесін+, жаңа шарап пен майды+ Құдайымыздың үйіндегі қойма бөлмелерге+ әкеліп, діни қызметкерлерге береміз. Бұған қоса, леуіліктерге жерімізден алған өнімнің оннан бір бөлігін әкеліп береміз+. Өйткені диқаншылықпен айналысатын қалалардағы өнімнің оннан бір бөлігін жинайтындар — солар.
38 Леуіліктер оннан бір бөлікті жинағанда, қастарында Харонның ұрпағынан шыққан діни қызметкер болу керек. Леуіліктер жиналған осы оннан бір бөліктің оныншы бөлігін Құдайымыздың үйіне, қоймадағы бөлмелерге берсін+. 39 Исраилдіктер мен леуіліктердің ұлдары астықтан, жаңа шараптан және майдан+ ұсынған сый-тартуларын осы бөлмелерге әкелуге тиіс+. Себебі қасиетті орынның ыдыстары сол жерде тұрады, қызмет етіп жүрген діни қызметкерлер де, қақпа күзетшілері мен әншілер де сонда. Біз Құдайымыздың үйін қараусыз қалдырмаймыз+.