Ошия
Жарақаттап еді, өзі жарамызды таңып береді.
3 Ехобаны танып-білеміз, ол жайлы білім алуға жан сала ұмтыламыз.
Таңның сөзсіз ататынындай, оның келетіні де шүбәсіз.
Ол бізге құйып жауатын нөсердей,
Жерді суға қандыратын көктемгі жауындай болып келеді”.
4 “Ефрем, мен саған не істесем екен?
Яһуда, саған не қылсам екен?
Сенің айнымас сүйіспеншілігің таңғы тұмандай,
Әп-сәтте ғайып болатын шықтай.
5 Сондықтан сендерді пайғамбарлардың хабарымен шауып тастаймын+.
Аузымнан шыққан сөзбен мерт қыламын+.
Сендерге шығарылған үкім таң нұрындай айқын болады+.
6 Маған құрбандықтан гөрі айнымас сүйіспеншілік* танытқандарың,
Түгел өртелетін құрбандықтан гөрі Құдай туралы білім алғандарың ұнамды+.
7 Ал сендер пендешілікпен келісімді бұздыңдар+.
Өз жерлеріңде мені сатып кеттіңдер.
9 Діни қызметкерлердің тобыры жолаушыны аңдып жатқан қарақшылардай.
Олар әбден бұзылғандықтан,
Сихемнің+ жолында кісі өлтіреді.
10 Исраил үйінде бір сұмдықты көрдім.
11 Ал саған, уа, Яһуда, орақ кезін белгіледім,
Сол кезде тұтқындағы халқымды жинап, еліне қайтарамын+”.