Уағыздаушы
3 Әр нәрсенің өз уақыты бар,
Аспан астындағы әрбір істің өз уақыты бар:
2 Туылатын уақыт, өлетін уақыт,
Егетін уақыт, егілгенді жұлатын уақыт,
3 Өлтіретін уақыт, сауықтыратын уақыт,
Бұзатын уақыт, соғатын уақыт,
4 Жылайтын уақыт, күлетін уақыт,
Зар еңірейтін уақыт, би билейтін уақыт,
5 Тас лақтыратын уақыт, тас жинайтын уақыт,
Құшақтайтын уақыт, құшаққа алмайтын уақыт,
6 Іздейтін уақыт, жоғалды деп санайтын уақыт,
Сақтайтын уақыт, лақтыратын уақыт,
7 Жыртатын уақыт+, біріктіріп тігетін уақыт,
Үндемейтін уақыт+, сөйлейтін уақыт+,
8 Сүйетін уақыт, жек көретін уақыт+,
Соғысатын уақыт, татуласатын уақыт.
9 Ендеше бар бейнетінен жұмысшыға не пайда+? 10 Мен Құдайдың адам баласына артып қойған қам-қарекетін көрдім. 11 Ол бәрін өз уақытында тамаша* етіп жаратты+. Ол тіпті адамның жүрегіне мәңгілікті салды. Бірақ олар Құдайдың ісін бастан-аяқ ұға алмайды.
12 Адам үшін өмірде қуанудан және жақсылық жасаудан артық ештеңе жоқ екенін түсіндім+. 13 Сондай-ақ әрбір адам ішіп-жеп, еңбегінің жемісіне қуансын. Бұл — Құдайдың сыйы+.
14 Құдайдың барлық ісі мәңгіге қалатынын білдім. Оларға ештеңе қосылмайды да, алынбайды да. Құдай бұны адамдар өзінен қорықсын деп істеді+.
15 Болып жатқандар бұрын да болған, болашақта болатындар да болып қойған+. Құдай қудаланғандар үшін игілік іздейді*.
16 Сондай-ақ жарық күн астында келесі жайтты байқадым: әділет орнына заңсыздық, әділдік орнына зұлымдық жүреді екен+. 17 Сонда мен іштей: “Құдай әділді де, зұлымды да соттайды+, өйткені әрбір істің, әрбір әрекеттің өз уақыты бар”,— дедім.
18 Мен іштей тағы: “Құдай адам баласын тексеріп, олардың жануарларға ұқсас екенін көрсетпек”,— деп ойладым. 19 Себебі адам баласымен не болса, жануармен де сол болады+. Адамның өлетініндей, жануар да өледі, екеуінің де бойындағы өмір күші* бірдей+. Осылайша адамның жануардан артықшылығы жоқ. Өйткені бәрі — бос әурешілік. 20 Барлығы бір жерге барады+. Барлығы топырақтан жаратылды+, барлығы қайтадан топыраққа айналады+. 21 Адамның өмір күші жоғарыға көтеріле ме, ал жануардікі төменге, жерге түсе ме — кім біледі+? 22 Адам үшін еңбегінің жемісіне қуанудан артық ештеңе жоқ екенін көрдім+, өйткені бұл — оның сыйы. Өлген соң, оған болып жатқан жайттарды кім көрсете алар дейсің+?!