Мұсаның 3-жазбасы
19 Ехоба әрі қарай Мұсаға былай деді: 2 “Бүкіл Исраил қауымына мынаны айт: —Киелі болыңдар, себебі мен, Құдайларың Ехоба, киелімін+.
3 Әрқайсысың аналарың мен әкелеріңді құрметтеңдер+. Сондай-ақ мен орнатқан Демалыс күнін ұстаныңдар+. Мен сендердің Құдайларың Ехобамын. 4 Еш пайдасы жоқ тәңірлерге бет бұрмаңдар+, балқытып құйылған тәңір мүсіндерін де жасамаңдар+. Мен сендердің Құдайларың Ехобамын.
5 Егер Ехобаға татулық құрбандығын ұсынғыларың келсе+, оны қабыл болатындай етіп ұсыныңдар+. 6 Құрбандықтың етін сойылған күні және ертеңіне жеңдер, бірақ үшінші күнге қалып кеткенін өртеп жіберу керек+. 7 Үшінші күнге қалған ет жеркенішті, оны жемеңдер. Мұндай құрбандық қабыл болмайды. 8 Оны жеген адам күнәсі үшін жауап береді, өйткені ол Ехобаға арналған қасиетті нәрсені арамдады. Халқының арасынан ондай жанның көзі құртылсын.
9 Еккен егіндеріңді орғанда, танаптың шетіне дейін түгел ормаңдар, астықты жинағаннан қалған масақты да термеңдер+. 10 Сондай-ақ жүзім жинағанда, бұтада қалып қойған не жерге түсіп қалған жүзім шоқтарын алмаңдар. Оларды кедей-кепшіктер мен жатжерліктерге қалдырыңдар+. Мен сендердің Құдайларың Ехобамын.
11 Ұрлық жасамаңдар+, ешкімді алдамаңдар+, бір-біріңе арамдық істемеңдер. 12 Менің атыммен жалған ант ішіп+, Құдайларыңның есімін қорламаңдар. Мен Ехобамын. 13 Алаяқтық жасамаңдар+, ешкімді тонамаңдар+. Жалданған жұмысшының еңбекақысын таңертеңге дейін қалдырмай беріңдер+.
14 Керең адамды қарғамаңдар, зағиптың алдына сүрінетін нәрсе тастамаңдар+. Құдайдан қорқыңдар+. Мен Ехобамын.
15 Сотта әділетсіздік жасамаңдар. Кедейге алалаушылық танытпаңдар, байға да орынсыз құрмет көрсетпеңдер+, бәрін әділ соттаңдар.
16 Біреуге жала жауып, мұны елге таратпаңдар+. Адамның өміріне қастандық жасамаңдар*+. Мен Ехобамын.
17 Ешкім бауырын іштей жек көрмесін+. Әлдекімнің күнәсіна ортақтасып қалмау үшін, оған ескерту айтыңдар+.
18 Ешкім өз халқының адамынан өш алмасын+, кек те сақтамасын. Өзге адамды өзіңді сүйгендей сүй+. Мен Ехобамын.
19 Менің мына нұсқауларымды да орындаңдар: ешкім екі түрлі малды шағылыстырмасын. Танапқа екі түрлі дәнді араластырып сеппесін+, сондай-ақ екі түрлі жіптен тоқылған киімді кимесін+.
20 Егер ер адам бір әйелмен жақындасса, ал ол әйел біреуге уәде етілген, бірақ құн төлеп азат етілмеген күң болса, екеуі де жазалансын, алайда өлтірілмесін. Себебі әйелге әлі бас бостандығы берілмеген. 21 Әлгі ер адам Ехобаның алдына, кездесу шатырының кіреберісіне, айып құрбандығына қошқар алып келсін+. 22 Діни қызметкер қошқарды айып құрбандығы ретінде Ехобаның алдында ұсынып, оның жасаған күнәсін өтейді. Сөйтіп, ол адамның күнәсі кешіріледі.
23 Мен сендерге уәде еткен жерге келгенде, жеміс ағаштарын отырғызсаңдар, оның жемістерін таза емес әрі тыйым салынған деп есептеңдер. Олардан үш жыл бойы жеміс жеуге тыйым салынады. 24 Ал төртінші жылы барлық жемісін қасиетті нәрсе ретінде зор қуанышпен Ехобаға әкеліңдер+. 25 Бесінші жылы болса олардың жемісін жей беріңдер. Осылай етсеңдер, алатын өнімдерің мол болады. Мен сендердің Құдайларың Ехобамын.
26 Қаны бар ештеңені жемеңдер+.
Бал ашпаңдар, сиқыршылықпен айналыспаңдар+.
27 Шаштарыңды айналдыра қырмаңдар, сақалдарыңның ұшын да қырықпаңдар*+.
28 Өлген адамды жоқтағанда, денелеріңді тілгілемеңдер+, сондай-ақ терілеріңе инемен таңба салмаңдар. Мен Ехобамын.
29 Қызыңды жезөкшелікке салып, масқаралама+. Әйтпесе жезөкшелер жеріңді арамдап, елде азғындық көбейеді+.
30 Мен орнатқан Демалыс күнін ұстаныңдар+ және қасиетті орнымды қастерлеңдер. Мен Ехобамын.
31 Аруақ шақырушыларға+ және көріпкелдерге+ жүгініп, өздеріңді арамдамаңдар. Мен сендердің Құдайларың Ехобамын.
32 Ақ шашты қарияның алдында түрегеліңдер+, қарт кісіге құрмет көрсетіңдер+. Құдайдан қорқыңдар+. Мен Ехобамын.
33 Елдеріңе жатжерлік келіп тұратын болса, оған жәбір көрсетпеңдер+. 34 Араларыңда тұрып жатқан жатжерлікке өз адамдарыңдай қараңдар+. Оны өздеріңді сүйгендей сүйіңдер. Себебі өздерің де Мысыр елінде жатжерлік болғансыңдар+. Мен сендердің Құдайларың Ехобамын.
35 Ұзындықты, салмақты, көлемді өлшегенде, алдамаңдар+. 36 Таразыларың, кіртастарың, сусымалы және сұйық зат өлшеуіштерің* тура болсын+. Мен сендерді Мысырдан алып шыққан Құдайларың Ехобамын. 37 Менің берген нұсқауларым мен шешімдерімнің бәрін орындаңдар+. Мен Ехобамын”.