Абақұқ
1 Абақұқ* пайғамбардың аянда алған хабары:
Қашанғы зорлық-зомбылықтан қорғауыңды сұраймын,
Ал сен араша түсер емессің+?
3 Неге мені зұлымдықты көруге мәжбүр етесің?
Неге қысымшылыққа шыдап отырсың?
Неге көз алдымда қырып-жою, зорлық-зомбылық болып жатыр?
Неге ұрыс-керіс пен қақтығыс көбейіп кетті?
4 Сондықтан заңның күші жоқ,
Әділдік ешқашан жүзеге аспайды.
Зұлымдар әділ жандарға қысым көрсетеді,
Міне, содан әділдік бұрмалануда+.
5 “Халықтарға қарап, назар аударыңдар!
Таңғала қарап, аңтарылып тұрып қалыңдар.
Өйткені сендердің күндеріңде бір жайт орын алады,
Бұл жайлы біреу айтса, сенбес едіңдер+.
6 Міне, мен халдейлерді жіберемін+.
Олар — қатыгез әрі қызба халық.
Өзгелердің үйлерін басып алу үшін,
Ұлан-ғайыр жерлермен зымырап өте шығады+.
Тұяқтары жерге тимей,
Соғыс аттары алыстан шауып келеді.
Олар жемтігіне шүйліккен бүркіттей зулайды+.
9 Бәрі де зорлық жасауға бел буған+.
Бірігіп алға ұмтылғаны шығыстың желіндей+,
Олар тұтқындарды құм көсеп алғандай жинайды.
Әрбір бекіністің үстінен күліп+,
Үйінді жасап, оны басып алады.
11 Олар соққан желдей осы елден өте шығады,
Бірақ күш-қуаттарын өз құдайына телігені*+ үшін айыпты болады+”.
12 Уа, Ехоба, сен мәңгіліктен келе жатқан Құдай+ емессің бе?
Құдайым, Киелі Құдайым, сен ешқашан өлмейсің*+.
Уа, Ехоба, оларды үкіміңді орындату үшін тағайындадың.
Жартасым+ менің, оларды бізді жазалау үшін белгіледің+.
Онда неге опасыздыққа төзудесің+?
Зұлым адам өзінен әлдеқайда әділ біреуді жұтып жатқанда, неге үндемейсің+?
14 Неге адам баласын теңіздегі балықтай,
Басшысы жоқ бауырымен жорғалаушыдай еттің?
15 Жау бұлардың бәрін қармақпен іліп,
Ау тастап, ұстап алуда.
Балық аулайтын торға жинап жатыр.
Сол себептен де ол мәз-мейрам болуда+.
16 Сондықтан ауына арнап құрбандық шалады,
Балық аулайтын торына арнап құрбандық ұсынады*.
Өйткені солардың арқасында мол олжаға кенеліп,
Нәрлі тағам ішіп-жейді.