Шежірелер 2-жазба
36 Бұдан кейін жұрт патшаның ұлы Ехохазды+ әкесінің орнына Иерусалимде патша етіп тағайындады+. 2 Ехохаз 23 жасында таққа отырып, Иерусалимде үш ай билік етті. 3 Бірақ Мысыр патшасы Нехо оны биліктен айырды, ал Яһуда елінен 100 талант* күміс пен бір талант алтын талап етті+. 4 Мұнымен қоймай, ол Ехохаздың бауыры Елиәкімді Яһуда мен Иерусалимнің патшасы етіп, атын Ехоякім деп өзгертті. Ал Ехохаздың өзін Нехо+ Мысырға алып кетті+.
5 Ехоякім+ 25 жасында патша болып, Иерусалимде 11 жыл билік етті. Ехоякім ата-бабалары іспетті, Құдайы Ехобаның көз алдында ұнамсыз істер істеді+. 6 Бабыл патшасы Навуходоносор+ оған қарсы аттанып, мыс кісенмен бұғаулап, Бабылға алып кетті+. 7 Навуходоносор Ехобаның үйіндегі кейбір бұйымдарды да Бабылға алып кетіп, өз сарайына апарып қойды+. 8 Ехоякімнің басқа да істері мен жеркенішті қылықтары және барлық жексұрындықтары Исраил мен Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. Оның орнына ұлы Ехония патша болды+.
9 Ехония+ 18 жасында патша болып, Иерусалимде үш ай он күн билік етті. Ол Ехобаның алдында ұнамсыз істер істеді+. 10 Жылдың басында* Навуходоносор патша адамдарын жіберіп, Ехонияны және Ехобаның үйіндегі құнды заттарды+ Бабылға алып келуді тапсырды+. Ал Яһуда мен Иерусалимге Ехонияның әкесінің бауыры Седекияны патша етіп қойды+.
11 Седекия+ 21 жасында патша болып, Иерусалимде 11 жыл билік етті+. 12 Ол Құдайы Ехобаның көз алдында ұнамсыз істер істеді. Седекия Ехобаның тапсыруымен сөйлеген Еремия пайғамбардың алдында кішіпейілділік танытпады+. 13 Бұған қоса, ол Навуходоносор патшаға+ Құдай атымен ант бергеніне қарамай, оған қарсы бас көтерді. Қыңырлыққа басып, жүрегін қасарыстырған Седекия Исраилдің Құдайы Ехобаға бет бұрғысы келмеді. 14 Діни қызметкерлердің барлық басшылары мен халық та өзге халықтарға еліктеп, жеркенішті қылықтар жасауымен барып тұрған опасыздық жасады. Осылай олар Иерусалимдегі Ехобаның үйін, өзі киелі еткен үйін арамдады+.
15 Ата-бабаларының Құдайы Ехоба оларды ескерту үшін, қайта-қайта хабаршыларын жіберді. Өйткені оның өз халқына және өз тұрағына жаны ашыды. 16 Бірақ олар шынайы Құдайдың хабаршыларын+ күлкі қылып, оның сөздерін елемейтін+, пайғамбарларын да мазақ қыла берді+. Бұл Ехобаның өз халқына қаһары лауламағанша+, оларды сауықтырудың еш шарасы қалмағанша жалғаса берді.
17 Сонда Құдай оларға халдейлердің+ патшасын аттандырды. Сол патша олардың жігіттерін ғибадатханада+ семсермен өлтірді+. Оның қыз-бозбалаға да, кәрі-құртаңға да жаны ашымады+. Құдай бәрін соның қолына берді+. 18 Әлгі патша шынайы Құдайдың үйіндегі үлкенді-кішілі бар бұйымды, сондай-ақ Ехобаның үйіндегі және патша мен оның бекзадаларының үйлеріндегі бар қазынаны түгін қалдырмай Бабылға алып кетті+. 19 Ол шынайы Құдайдың үйін өртеп+, Иерусалимнің қабырғасын құлатып тастады+, бекініс мұнараларын да өртеп жіберді. Осылай бағалы нәрселердің бәрін жойды+. 20 Ал семсерден аман қалғандарды тұтқындап, Бабылға алып кетті+. Персия патшалығы орнағанша+, олар Бабыл патшасы мен оның ұлдарының қызметшісі болды+. 21 Осылай Еремия пайғамбар арқылы айтқан Ехобаның сөзі орындалып+, жер тынықпаған Демалыс күндерінің есесіне тынығып жатты+. Қаңырап жатқан кездің бәрінде, 70 жыл бойы+, жер тынығып жатты*.
22 Персия патшасы Кирдің+ билік құруының бірінші жылы Ехоба оның жүрегіне қозғау салды. Содан патша жарлық шығарып, оны бүкіл патшалығына жариялауды бұйырды. Бұл Ехобаның Еремия пайғамбар арқылы айтқан сөзі+ орындалу үшін осылай болды. Жарлықта+ былай делінген еді: 23 “Персия патшасы Кир былай деп бұйырады: —Көктің Құдайы Ехоба маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды берді+ және Яһуда жеріндегі Иерусалимде өзіне арнап үй тұрғызуды тапсырды+. Араларыңда оның халқына жататындар бар болса, Құдайлары Ехоба жар болып, олар Иерусалимге барсын+!”