Мұсаның 5-жазбасы
9 Тыңда, уа, Исраил! Бүгін өзіңнен әлдеқайда қуатты әрі саны көп халықтарды+, аспанмен таласқан бекіністері бар үлкен қалаларды+ жаулап алу үшін Иордан өзенінен өткелі тұрсың+. 2 Сол жерде күшті де ірі денелі адамдар, Енактың ұрпақтары+, тұрады. Оларды білесің, “Енактың ұрпақтарына қарсы кім тұра алады?” деген сөзді де естігенсің. 3 Сондықтан бүгін біліп қой, арғы бетке сені Ехоба Құдайың бастап алып жүреді+. Жалмап қоятын от іспетті ол+ сол халықтардың көзін құртады. Көз алдыңда оларды бағындырып береді. Сонда, Ехоба өзіңе уәде еткендей, сен оларды қуып, тез арада қырып жоясың+.
4 Ехоба Құдайың оларды алдыңнан қуып шыққанда, іштей: “Әділ болғаным үшін Ехоба мені осы жерді иемденсін деп алып келді”,— деп ойлама+. Ехоба бұл халықтарды жасаған зұлымдықтары үшін+ алдыңнан қуып жатыр. 5 Ол жерді сен әділ не жүрегің таза болғандықтан иеленейін деп жатқан жоқсың. Ехоба Құдайың сол халықтарды зұлымдығы үшін+ және Ехоба ата-бабаң Ыбырайымға+, Ысқақ+ пен Жақыпқа+ берген сөзін орындау үшін қуып жатыр. 6 Сондықтан біліп қой, Ехоба саған шұрайлы жерді әділ болғаның үшін иелікке беріп отырған жоқ, өйткені сен тоңмойын халықсың+.
7 Шөл далада Ехобаны қалай ашуландырғандарыңды ешқашан ұмытпай+, есте сақтаңдар. Мысыр елінен шығып, осы жерге жеткенше, Ехобаға қарсы бүлік шығарып келесіңдер+. 8 Хорибте де Ехобаның ашуын келтірдіңдер. Ехобаның қаһарланғаны сонша — сендерді жойып жібермек болды+. 9 Мен тас тақташаларды — Ехоба сендермен жасасқан келісім сөздері+ жазылған тақташаларды+ — алу үшін тауға шығып, сол жерде нәр татпай, су ішпей, 40 күн, 40 түн болдым+. 10 Сонда Ехоба маған өз қолымен* жазған екі тақташаны табыстады. Оларға сендер тау етегіне жиналып тұрған күні Ехобаның от ішінен айтқан сөздерінің бәрі жазылған еді+. 11 40 күн, 40 түн өткен соң, Ехоба маған екі тас тақташаны, келісім тақташаларын, берді. 12 Содан кейін Ехоба: —Тұр да, тезірек төмен түс, Мысырдан алып шыққан халқың азғындыққа салынды+. Олар мен нұсқаған жолдан лезде тайып кетіп, өздеріне балқытып құйып, мүсін жасап алды+,— деді. 13 Сосын Ехоба: —Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін. Олар тоңмойын халық+. 14 Мені тоқтатамын деме. Оларды құртып, жер бетінен есімін өшіріп жіберейін. Ал сенен әлдеқайда күшті әрі үлкен халық таратайын+,— деді.
15 Мен кері бұрылып, от болып жанып тұрған тау басынан+ түстім. Қолымда екі келісім тақташасы болды+. 16 Қарасам, өздеріңе балқытып құйып, бұзау мүсінін жасап, Ехоба Құдайларыңның алдында күнәға батып жатыр екенсіңдер. Осылай Ехоба нұсқаған жолдан лезде тайып кетіпсіңдер+. 17 Сонда тақташаларды екі қолыммен ұстап, жерге лақтырып жіберіп, көз алдарыңда күл-талқанын шығардым+. 18 Содан кейін мен қайтадан Ехобаның алдында жерге бас ұрып тағзым етіп, 40 күн, 40 түн жаттым. Ехобаның көз алдында зұлым нәрсе істеп, оны қорлап, күнәға батқандарың үшін, мен сол уақытта еш нәр татпадым, су да ішпедім+. 19 Ехобаның лаулаған қаһарын көріп+, сендерді құртып жібере ме деп қатты қорықтым. Бірақ бұл жолы да Ехоба мені тыңдады+.
20 Ехоба Харонға да қатты ашуланып, көзін құртпақ болды+. Сол кезде мен ол үшін де жалбарындым. 21 Сосын сендерді күнәға батырған бұзау мүсінін алып+, отқа өртеп, одан қалғанын күлпаршасын шығарып, ұнтақтап, таудан ағып жатқан суға шашып жібердім+.
22 Сендер Табера+, Масса+, Қиброт-Хатауада+ да Ехобаның ашуын келтірдіңдер. 23 Ал Ехоба сендерді Қадеш-Барнида+: “Барып, мен сендерге бергелі отырған жерді иемденіңдер”,— деп жібермек болғанда, тағы да Ехоба Құдайларыңның бұйрығына қарсы шығып+, оған сенген жоқсыңдар+, айтқанын да тыңдамадыңдар. 24 Мен сендерді білгелі бері, Ехобаға қарсы бүлік шығарып келесіңдер.
25 Ехоба сендердің көздеріңді жоятынын айтқанда, мен Ехобаның алдында жерге бас ұра тағзым етіп, 40 күн, 40 түн бойы жаттым+. 26 Ехобаға жалбарынып: —Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба! Өз халқыңды жоя көрме. Олар ұлылығыңмен және құдіретті қолыңмен Мысырдан азат еткен*+ өз меншігің емес пе+?! 27 Қызметшілерің Ыбырайымды, Ысқақ пен Жақыпты есіңе ала көр+. Мына халықтың қыңырлығына, зұлымдығы мен күнәсіна назар аударма+. 28 Әйтпесе сен бізді алып шыққан елде тұратын халық: “Ехоба оларды уәде еткен жеріне апара алмады. Оларды жек көргендіктен, шөл далада қырып салу үшін алып шыққан екен”,— деп жүрер+. 29 Олар құдіретті күшіңмен, қуатты қолыңмен алып шыққан+ өз халқың әрі өз меншігің ғой+,— дедім.