Нақыл сөздер
4 Даналыққа: “Әпкемсің”,— де,
Ал түсінікті “туысым” деп ата.
6 Бірде үйімнің терезесінен,
Тор көзінен төмен қарадым.
8 Ол әйел тұратын көшенің бұрышынан өтіп,
Оның үйіне апаратын жолға түсті.
13 Әйел жігітті ұстай алып, сүйді де,
Шімірікпей оған былай деді:
15 Сондықтан да алдыңнан шықтым,
Өзіңді іздеп, міне, тауып алдым!
16 Мысырдың түрлі түсті бәтесінен+
Төсегіме әдемі жабу жаптым.
17 Үстіне хош иісті мүр, алоэ, даршын септім+.
18 Жүр, таң атқанша махаббат ләззатымен сусындайық,
Құмарымызды бір қандырайық.
19 Күйеуім жоқ үйде,
Кетіп қалған алыс сапарға.
20 Ақша салған қалтасын алып кеткен,
Қайтып келмес ай толғанша”.
22 Сонда жігіт әйелге еріп жүре берді
Сойылуға бара жатқан бұқадай,
Бұғауланып, жазаланатын ақымақтай+.
23 Бауырына жебе қадаларын білмеді.
Торға зымырай ұшқан құстай
Өмірімен қоштасарын ұқпады+.
24 Сонымен, балаларым, мені тыңдаңдар,
Айтқандарыма назар аударыңдар.
27 Оның үйі көрге* апарады,
Мәйіттер жатқан жерге түсіреді.