10 Сүлейменнің нақыл сөздері+.
Ақылды бала — әкесінің сүйініші+,
Ақымақ бала — анасының күйініші.
2 Арам байлықтың еш пайдасы болмайды,
Ал әділдік өлімнен сақтайды+.
3 Ехоба әділ жанды аш қалдырмайды+,
Ал зұлымдарға аңсағанын бермейді.
4 Жалқаудың қолы жоқшылыққа жеткізер+,
Ынталының қолы дәулетке кенелтер+.
5 Түсінігі бар ұл жазда астық жинар,
Ал арсыз ұл орақ кезінде шырт ұйқыда жатар+.
6 Әділдің басына бата қонар+,
Зұлымның аузы зорлықты жасырар.
7 Әділдің жақсаты батаға лайық+,
Зұлымның болса аты өшер+.
8 Жүрегі дана өсиетке құлақ асар+,
Жөн-жосықсыз сөйлейтін зардап көрер+.
9 Мінсіз жүрген қауіпсіз жүрер+,
Қисық жолға түскен әшкереленер+.
10 Қулана көз қысатын азап шеккізер+,
Жөн-жосықсыз сөйлейтін зардап көрер+.
11 Әділдің аузы — өмір қайнары+,
Зұлымның аузы жасырар+ зорлықты.
12 Жеккөрушілік ұрыс-жанжал тудырар,
Ал сүйіспеншілік барлық күнәні жабар+.
13 Түсінігі бардың аузынан даналық шығар+,
Парықсыздың арқасынан таяқ кетпес+.
14 Дана адам білім жинайды+,
Ақымақты өз тілі құрдымға кетіреді+.
15 Байдың дәулеті — бекіністі қаласы,
Жарлының жоқшылығы — басының соры+.
16 Әділдің ісі өмірге бастар,
Зұлымның табысы күнәға апарар+.
17 Тәрбиеге ден қойған жан өмірге жол бастар,
Ал түзетуді елемеген жолдан тайдырар.
18 Жек көретінін жасырғанның сөзі жалған+,
Біреуді жамандап, сөз таситын — ақымақ жан.
19 Көп сөйлеген күнәдан құтылмайды+,
Аузына ие болған ақылмен әрекет етеді+.
20 Әділдің тілі — таза күміс+,
Зұлымның жүрегі түкке тұрғысыз.
21 Әділдің аузы көпті асырайды+,
Наданның парықсыздығы түбіне жетеді+.
22 Ехобаның батасы адамды байытады+,
Бұған ол еш қайғы-қасірет қоспайды.
23 Зердесізге сорақы қылық — ойын,
Парықты адамға даналық тән+.
24 Зұлымның басына қорыққаны келер,
Әділдің тілегені орындалар+.
25 Дауыл соғып өткенде, зұлымнан түк қалмас+,
Ал әділдің іргетасы мәңгі мызғымас+.
26 Тіске тиген сіркесу я көзге кірген түтін қандай болса,
Жалқау да өзін жұмсаған адам үшін сондай болар.
27 Ехобадан қорқу ғұмырды ұзартар+,
Жаманның өмір жасы қысқартылар+.
28 Әділдің күткені қуанышқа бөлер+,
Зұлымның үміті бекер болар+.
29 Ехобаның жолы — кінәратсыздар үшін берік қорған+,
Ал зұлымдық жасайтындар үшін ойран+.
30 Әділ жан құлатылмас+,
Зұлымдар жер бетінде тұрақтамас+.
31 Әділдің аузынан даналық шығар,
Тілі жамандар құрып жоқ болар.
32 Әділдің аузынан жағымды сөз шығар,
Зұлымның аузынан шіріген сөз шығар.