Дәуіттің жыры.
143 Уа, Ехоба, дұғамды ести көрші+,
Жалбарынған үніме құлақ түрші.
Адалдығың мен әділдігіңе сай маған жауап берші.
2 Қызметшіңмен соттаса көрме,
Өйткені сенің алдыңда ешкім әділ бола алмайды+.
3 Жауым қыр соңымнан қалмай қудалайды,
Мені жерге жығып жаныштайды,
Баяғыда өліп кеткендер сияқты, түнекте тұруға мәжбүрлейді.
4 Жігерім жасып+,
Жүрегім кеудемде семіп қалды+.
5 Ежелгі күндерді еске аламын,
Барлық істерің жөнінде ойланамын+,
Қолыңның істерін ой елегіне саламын.
6 Өзіңе қарай қол жаямын;
Қуаң жер жаңбыр тілейді,
Менің жаным да өзіңді аңсап шөліркейді+. (Села)
7 Тезірек жауап қатшы, уа, Ехоба+,
Қажыр-қайратым таусылып барады+.
Менен жүзіңді жасырмашы+,
Әйтпесе көрге түсіп бара жатқандар сияқты боламын+.
8 Таң сәріден айнымас сүйіспеншілігің жөнінде естірте көрші,
Өйткені мен саған сенім артамын.
Жүрер жолымды көрсете көрші+,
Өйткені өзімді саған бағыштағанмын.
9 Жауларымнан құтқаршы, уа, Ехоба,
Мен өзіңнен пана іздеймін+.
10 Маған еркіңді орындауды үйретші+,
Себебі сен менің Құдайымсың.
Сенің рухың игі,
Ол мені тегіс жермен алып жүрсінші.
11 Уа, Ехоба, өз есімің үшін мені аман сақтай көр,
Әділдігіңе сай қиындықтардан жанымды құтқара көр+.
12 Айнымас сүйіспеншілігіңе сай жауларымның көзін құрта көр+,
Маған маза бермейтіндердің бәрін жоя көр+,
Өйткені мен сенің қызметшіңмін+.