Нақыл сөздер
17 Жанжалды үйдің мол дастарқанынан* гөрі+
Тыныш* жердегі бірүзім қатқан нан артық+.
2 Түсінігі мол қызметші арсыз ұлды билер,
Оның бауырларымен бірге мұра бөлісер.
4 Зұлым зиянды сөзге ден қояр,
Арамза залым тілге құлақ түрер+.
5 Бейшараны мазақ еткен оның Жаратушысын қорлайды+,
Біреудің бақытсыздығына қуанған жазасыз қалмайды+.
10 Ақымаққа соғылған жүз дүреден гөрі+
Түсінігі барға берілген бір сөгістің әсері зор+.
11 Жаман тек бүлік шығаруды көздейді,
Оны жазалауға қатал хабаршы жіберіледі+.
12 Ессіздің надандығына тап болғаннан гөрі+,
Қонжығынан айырылған аюға кезіккен артық.
13 Жақсылыққа жамандықпен қайтарғанның
Үйінен жамандық кетпес+.
15 Зұлымды ақтау, әділді айыптау+ —
Екеуі де Ехоба үшін жеркенішті.
20 Жүрегі бұзылған игілік көрмейді+,
Жалған сөйлейтін жамандыққа ұшырайды.
21 Ақымақ ұл әкесін қайғыға батырар,
Ессіз бала әкесін қуаныштан айырар+.
25 Ақымақ ұл — әкесінің соры,
Туған анасының күйініші+.
26 Әділ адамды жазалау* жақсы емес,
Қадірлі кісіге дүре соғу дұрыс болмас.
28 Үндемесе, ақымақты да дана дер,
Сөйлемесе, адам түсінігі бардай көрінер.