Миха
5 “Шабуылдың астында қалған қыз,
Сен өзіңді тілгілеп жатырсың.
Бізді жау қоршауға алды+.
Олар таяқпен Исраил биінің бетінен ұруда+.
Яһуда қалаларының* ішіндегі ең кішісі болсаң да,
Сенен менің атымнан Исраилге билеуші болатын біреу шығады+,
Оның бастауы көне заманнан, бұрынғы күндерден.
3 Сондықтан босанатын әйел туғанға дейін,
Құдай өз халқын тастап кетеді.
Билеушінің қалған бауырлары Исраил халқына оралады.
Ассириялықтар елімізге басып кіріп, бекініс мұнараларымызды таптаса+,
Біз оған қарсы жеті бағушыны, тіпті адам баласынан сегіз әміршіні шығарамыз.
Ассириялықтар елімізге басып кіріп, жерімізді таптағанда,
Билеуші бізді солардың қолынан құтқарады+.
7 Жақыптың тамтығы көптеген халықтар арасында
Ехобадан келген шық іспетті,
Көк шөпке жауатын жауын сияқты болады.
Бұл екеуі адамға тәуелді емес,
Адам баласын күтіп отырмайды.
8 Жақыптың тамтығы ұлттардың арасында,
Көптеген халықтардың ішінде
Орман аңдарының арасындағы арыстандай,
Отар ішіндегі жас арыстандай болады,
Араларынан өтіп бара жатып, оларға тап береді де, паршалап тастайды,
Ешкім оларды құтқара алмайды.
9 Сендер дұшпандарыңды жеңесіңдер,
Жауларыңның бәрі жойылады”.
10 “Сол күні,— дейді Ехоба,
—Мен аттарыңды құртып, соғыс арбаларыңды қиратамын.
11 Елдеріңдегі қалаларды жойып,
Бекіністеріңнің бәрін ойрандаймын.
12 Айналысып жүрген бақсы-балгерлігіңді құртамын,
Араларыңда сиқыршылардың бірі де қалмайды+.
13 Ойып жасалған мүсіндерің мен тас бағаналарыңды талқандаймын,
Бұдан былай өз қолдарыңмен істеген нәрселерге тағзым етпейсіңдер+.
14 Араларыңдағы ағаш бағаналарыңды түбімен қоса жұлып+,
Қалаларыңды жермен-жексен қыламын.
15 Маған мойынсұнбаған халықтардан
Ашуым мен қаһарыма мініп, кек аламын”.