Әйүп
28 Күміс алатын кенді жер бар,
Алтынды балқытатын да жер бар+,
2 Темірді топырақтан қазады,
Мысты тастардан балқытып алады+.
3 Адам қараңғылықты жеңеді,
Көзге түртсе көргісіз түнекте жер астын терең қазып,
Кен іздейді.
4 Ол жұрт мекенінен шалғай,
Адам аяғы баспайтын жерде кенішке енеді,
Кейбіреуі арқанмен төмен түсіп, ілінген күйі тербеліп тұрады.
5 Жердің бетінде астық өседі,
Ал асты отпен қопарғандай астан-кестен*.
6 Сол жердің тасынан жақұт,
Топырағынан алтын алынады.
7 Онда апарар жол жыртқыш құс үшін беймәлім,
Қаршыға да оны көзімен көрмеген.
8 Бұл жолға айбынды аңдар аяқ баспаған,
Жас арыстан да оны шарламаған.
9 Адам шақпақтасты талқандап,
Тауларды түбімен қопарады.
10 Жартастарға арықтар жасайды+,
Барлық асыл заттарға көзін қадайды.
11 Ол өзен бастауларын бөгеп,
Жасырылған заттарды жарыққа шығарады.
12 Ал даналық ше, оны қайдан табуға болады+?
Түсініктің қайнар көзі қайда+?
13 Оның құнын ешкім жете түсінбейді+,
Бұл жалғанда оны іздеп табу мүмкін емес.
14 Су тұңғиығы “Ол менде емес!” дейді.
Теңіздің айтары да — “Ол менде жоқ!”+
15 Оны саф алтынға сатып ала алмайсың,
Құнын күміске де айырбастай алмайсың+.
16 Орнына Опырдың алтынын+,
Оникс не жақұт та бере алмайсың.
17 Алтын мен шыны онымен салыстыруға да келмейді,
Саф алтыннан жасалған ыдысқа да айырбастау мүмкін емес+.
19 Құш топазы+ онымен салыстыруға да тұрмайды,
Саф алтынға да сатып ала алмайсың.
20 Ендеше, даналық қайдан келеді?
Түсініктің қайнар көзі қайда+?
21 Ол тіршілік атаулыдан жасырылған+,
Құстардан да тасаланған.
22 Құртып жоқ қылатын орын мен өлім:
—Ол туралы құлағымызға сыбыс қана келіп жетті,— дейді.
23 Оған апаратын жолды Құдай ғана біледі,
Оның тұрағы соған ғана мәлім+.
24 Өйткені ол жердің шеттерін,
Аспан астындағының бәрін көреді+.
25 Ол желге күш-қуат берді+,
Сулардың мөлшерін өлшеді+,
26 Жауын-шашынның түсуін реттеді+,
Күннің күркірі мен дауылды нөсердің жолын белгіледі+.
27 Осының бәрін істегенде,
Құдай даналықты көріп, мәнін түсіндірді,
Оны берік орнатып, мұқият зерттеді.
28 Сосын адамға былай деді: