Ишая
13 Амос ұлы Ишая+ аян көріп, Бабыл жайлы мынадай ауыр хабар алды+:
Олар ақсүйектердің қақпаларынан кірсін.
3 Мен өзім тағайындаған сарбаздарға бұйрық бердім+.
Қаһарымды төгу үшін, мықтыларымды,
Масайраған жауынгерлерімді жинадым.
4 Таудағы тобырдың шуына құлақ түріңдер!
Ол сансыз халықтың шуына ұқсайды.
Бас қосқан патшалықтардың+,
Ұлттардың айқайына құлақ түріңдер!
Әскербасы Ехоба соғысқа әскер жинап жатыр+.
Ехоба қаһарлана бүкіл жерді талқандау үшін,
Соларды қару етіп қолданады+.
6 Зар еңіреңдер, өйткені Ехобаның күні таяп қалды!
Сол күні Құдіреті шексіз Құдай елдеріңді тас-талқан етеді+.
Олар толғақ қысқан әйелдей қиналып, бүрісіп қалады.
Азаптан беттері алабұртып,
Бір-біріне үрейлене қарайды.
9 Міне, Ехобаның ашуы мен лаулаған қаһарын төгетін күні келе жатыр!
Сол күні ел қорқынышты көрініске айналады+,
Ондағы күнәкарлар жойылады.
10 Көктегі жұлдыздар мен шоқжұлдыздар*+
Нұр шашпайтын болады.
Көтеріліп келе жатқан күн күңгірт тартады,
Ай да сәулесін төкпейді.
11 Мен жердің тұрғындарын жасаған зұлымдықтары үшін жауапқа тартамын+,
Заңсыздықтары үшін зұлымдарға сазайын тартқызамын.
Өзімшілдердің көкіректерін басамын,
Озбырлардың тәкаппарлығын жоямын+.
14 Олар аңшыдан қашқан киіктей,
Бақташысы жоқ отардай,
Әрқайсысы өз халқына оралады,
Әрқайсысы өз еліне қашады+.
15 Жау көзге түскен адамды түйреп өлтіреді,
Қолға түскен адамды семсермен сұлатады+.
17 Міне, мен оларға қарсы мидиялықтарды аттандырамын+.
Олар күміске көз де салмайды,
Алтынға да қызықпайды.
18 Жас жігіттерін* садақтарымен сұлатады+;
Құрсақтан шыққан балаларын аямайды,
Сәбилеріне еш мейірімділік жасамайды.
Бірақ ол Құдай жойып жіберген Содом мен Ғомора қалаларына ұқсайтын болады+.
Арабтар онда шатыр тікпейді,
Қойшылар да отарларын тынықтырмайды.
21 Ол жерде түздің аңдары тынығып жатады,
Үйлеріне үкілер ұя салады,
Елде түйеқұстар мекен етеді+,
Жабайы ешкілер* секіріп жүреді.
22 Қала мұнараларында хайуандар жүреді,
Сәулетті сарайларында шибөрілер ұлиды.
Оның жазаланатын уақыты таяп қалды, күндері бітті+!”