Уағыздаушы
8 Дана адамға кім тең келеді? Мәселенің шешімін кім біледі? Даналығы адамның жүзін жарқыратады, қатал түрін жұмсартады.
2 Менің айтарым мынау: “Құдайға берген антың үшін+ патшаның бұйрықтарын орында+. 3 Оның алдынан кетуге асықпа+. Жамандықты құптама+. Өйткені патша қалағанының бәрін істей алады. 4 Патшаның сөзі екі етілмейді+, олай болса, кім оған: —Бұл не істегеніңіз?— дей алады?”
5 Бұйрықты орындайтын адам еш зиян шекпейді+. Дананың жүрегі дұрыс уақыт пен тәртіпті* біледі+. 6 Адамзаттың қиыншылығы өте көп болғандықтан, әрбір мәселе өз уақытында, өз тәртібімен шешілу керек+. 7 Алда не боларын ешкім де білмейді, ендеше оның қалай болатынын кім айта алады?
8 Ешкім рухқа* билік жүргізіп, оны ұстап тұра алмайтынындай, өлетін күнге де ешкім билік жүргізе алмайды+. Соғыс кезінде ешбір сарбаз қызметінен босатылмайтынындай, зұлымдар зұлымдығының зардабынан құтылмайды*.
9 Мен осының бәрін көрдім, сөйтіп, жарық күн астында істеліп жатқан әрбір іске ден қойғанымда, адамның адамға билік етуі тек зиян келтіретінін түсіндім+. 10 Сондай-ақ қасиетті орынға келіп-кетіп жүрген зұлымдардың жерленгенін көрдім. Өздері зұлымдық жасаған қалада олар тез-ақ ұмытылып жатты+. Бұл да бос әурешілік екен.
11 Қылмысы үшін адам тез арада жазаланбағандықтан+, оның жүрегі жамандық жасауға құнығып кетеді+. 12 Күнәкар жүз рет жамандық жасап, ұзақ өмір сүргенімен, мен мынаны білемін: Құдайдан қорқатындар түбінде игілік көреді, өйткені олар Құдайды қастерлейді+. 13 Ал зұлым адам түбінде жақсылық та көрмейді+, көлеңке іспетті өте шығатын күндерін ұзарта да алмайды+, өйткені ол Құдайдан қорықпайды.
14 Жер бетінде адам үшін бос әурешілік болатын* тағы бір жайт бар: зұлымдарға тиісті жазаны әділдер тартып жатады+, ал әділдерге тиісті сый-құрметті зұлымдар алып жатады+. Мұның да бос әурешілік екенін айттым.
15 Сондықтан қуанып-шаттануға кеңес беремін+, өйткені жарық күн астында адам баласына ішіп-жеп, қуанғаннан артық ештеңе жоқ. Мұны ол Құдайдың жарық күн астында сыйлаған өмірінде еңбек ете жүріп істегені дұрыс+.
16 Мен күндіз-түні ұйқы көрмей, даналықты иемденуге және адам баласының жер бетінде атқарып жатқан бар қам-қарекетін ұғынуға ден қойдым*+. 17 Сонда мен Құдайдың бар ісін қарастырып, мынадай қорытындыға келдім: адам баласы жарық күн астында болып жатқандарды толық түсіне алмайды+. Қанша тырысқанымен, бәрібір ұға алмайды. Ол бәрін танып-білуге даналығым жетеді дегенімен, нағыз мәнін түсіне алмайды+.