Зәбүр
2 Ол еңкейіп маған құлақ түреді+,
Мен оны өмір бақи шақырумен боламын.
4 Бірақ мен: “Уа, Ехоба, құтқара көр!”— деп,
Ехобаны есімін атап шақырдым+.
6 Ехоба тәжірибесіздерді қорғайды+.
Қайғыдан әбден бүгілген ем, ол мені құтқарды.
7 Лайым жаным қайтадан тыным тапсын,
Себебі Ехоба маған игілік жасады.
8 Құдайым, сен мені өлімнен құтқардың,
Көз жасымды төккізбедің, аяғымды сүріндірмедің+.
9 Енді мен тірілер жерінде Ехобаның алдында жүремін.
10 Мен қатты қиналсам да,
Сенімім болғандықтан сөйледім+.
11 Мен абыржып: “Адамдардың бәрі өтірікші”+,— дедім.
12 Ехобаның жасаған бар жақсылығын қалай өтеймін?
13 Мен құтқарылу тостағанын аламын,
Ехобаны есімін атап шақырамын.
15 Адал қызметшілерінің өлімін Ехоба маңызсыз санамайды*+.
16 Саған жалбарынамын, уа, Ехоба,
Өйткені мен өз қызметшіңмін,
Иә, сенің қызметшіңмін, күңіңнің ұлымын.
Сен мені бұғаудан азат еттің+.
17 Саған ризашылық құрбандығын ұсынамын+;
Ехобаны есімін атап шақырамын.