Ишая
50 Ехоба мынаны айтады:
“Мен аналарыңды қуып жіберіп, талақ қағазын+ бердім бе?
Әлде сендерді өзім қарыз алғандардың біріне сатып жібердім бе?
2 Ендеше, мен келгенде неге ешкім болмады?
Шақырғанымда неге ешкім жауап бермеді+?
Төлемдеріңді өтеп алуға қолым тым қысқа ма?
Әлде босатып алуға құдіретім жетпей ме+?
Сусыз қалған балықтар қырылып, шіріп кетеді.
Ол мені күн сайын таңертең оятады,
Құлағымды ашып, нұсқауларын құяды+.
Бағынбай, теріс бұрылмадым+.
6 Ұрып-соққандарға арқамды,
Сақалымды жұлғандарға жағымды тостым.
Балағат пен түкіріктен бетімді жаппадым+.
7 Бірақ Әлемнің Әміршісі Ехоба маған көмектеседі+.
Сондықтан өзімді қорланғандай сезінбеймін.
Сондықтан бетімді шақпақтастай қатты еттім+,
Мен ұятқа қалмайтынымды білемін.
8 Мені әділ деп жариялайтын Құдай қасымда.
Кім мені айыптай алады+?
Кәне, беттесейік.
Кім менімен соттасады?
Кәне, қасыма келсін.
9 Маған Әлемнің Әміршісі Ехоба көмектеседі.
Кім мені айыпты деп табады?
Мұндайлар киім сияқты тозады.
Оларды күйе жеп құртады.
Кім еш жарық көрмей, қара түнекте жүрген еді?
Сол Ехобаның есіміне сенім артып, Құдайының қолдауына жүгінсін.
11 “Ал өздерің от жағып, ұшқынын шашырататындар,
Сол оттарыңның жарығында,
Ұшқындарыңның арасында жүре беріңдер.
Менен көретіндерің мынау:
Сендер қатты қиналып жататын боласыңдар.