Петірдің 2-хаты
2 Алайда Исраил халқының арасында жалған пайғамбарлар болғаны сияқты, сендердің араларыңнан да жалған ұстаздар шығып+, білдіртпей зиянды секталар құрады және өздерін сатып алған+ қожайыннан бас тартады. Осылай өздерінің жойылуын тездетеді. 2 Ал көптеген адамдар олардың өрескел қылықтарына* еріп+, солардың кесірінен шындық жолы ғайбатталады+. 3 Сондай-ақ олар ашкөзденіп қитұрқы сөздерімен сендерді өз пайдасына қолданбақ. Бірақ оларға әуел баста шығарылып қойған үкім+ кешікпейді, олар сөзсіз жойылады+.
4 Құдай күнә жасаған періштелерді де аямай+, тартарға* түсіріп+, оларды қара түнектің шынжырымен бұғаулап*, соттау үшін сақтап отыр+. 5 Ол ежелгі дүниені де аямай+, ал әділдікті уағыздаушы Нұхты+ және онымен бірге жеті адамды аман сақтап қалып+, құдайсыздар дүниесіне топан су қаптатты+. 6 Сондай-ақ құдайсыздармен болашақта не болатынын мысалмен көрсету үшін+ Содом мен Ғомора қалаларын жазалап, күл-талқанын шығарды+. 7 Ал бұзық адамдардың өрескел қылықтарға* беріліп кеткендеріне қатты қиналған әділ Лұтты аман алып қалды+, 8 өйткені сол әділ кісі олардың арасында тұрып, заңсыз іс-әрекеттерін күн сайын көріп әрі естіп, әділ жаны азапқа түскен еді. 9 Осының бәрін ескерер болсақ, Ехоба* өзіне шын берілгендерді сынақтан қалай құтқаруды+, ал әділетсіздерді жою үшін сот күніне қалай сақтауды+, әрине, біледі. 10 Әсіресе басқалардың тәнін арамдағысы келіп+ соңдарына түсетіндерді және билігі барларды менсінбейтіндерді+ сот күніне қалай сақтауды біледі.
Олар өрескел әрі қиқар, сондай-ақ даңққа бөленгендерден еш қаймықпайды, қайта, тіл тигізеді. 11 Ал періштелер күші мен құдіреті әлдеқайда зор болса да, Ехобаны құрметтегендіктен жалған ұстаздарды ғайбат сөздермен айыптамайды+. 12 Бұл адамдар болса өздері түсінбейтін нәрселер жайлы ғайбат сөз айтып жүреді+. Сондықтан тек аулап, өлтіру үшін туылған санасыз аңдар сияқты, өздерінің зұлым жолдарында құрып жоқ болады. 13 Осылайша зұлым істерінің қарымтасын алады.
Олар күндіз шалқып өмір сүруді рақат санайды+. Киімге түскен дақ, беттегі кір сияқты олар сендермен бірге тойлағанда, жалған ілімдерін таратудан шексіз ләззат алады+. 14 Көздері азғындықты құмартып+, олар күнә жасамай тұра алмайды; сенімі әлсіз жандарды еліктіріп әкетеді. Олардың жүректері ашкөздікке үйретілген. Олар қарғыс атқан балалар. 15 Тура жолды тастап, олар адасты; Беғор ұлы Балағамның жолына түсті+. Балағам жаман ісі үшін алатын сыйды жақсы көрген еді+, 16 бірақ заңсыз қылығы бетіне басылды+: есегіне тіл бітіп, адам сияқты сөйлеп, пайғамбардың ақымақтық жасауына тосқауыл болды+.
17 Олар кеуіп қалған бұлақ, дауыл айдаған жаңбырсыз бұлт іспетті. Оларға қара түнек дайын тұр+. 18 Олар бос сөздермен көпіре мақтанады, теріс жолмен жүргендердің+ арасынан енді ғана құтылып шыққандарды тән құмарлықтарымен+, өрескел қылықтарымен* азғырады. 19 Оларға еркіндікті уәде етіп жүргенімен, өздері — азғындалудың құлы+. Өйткені адам неден жеңілсе, соның құлы болар+. 20 Расында да, олар Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх жайлы тура білімнің арқасында осы дүниенің арамдықтарынан құтылғаннан кейін+, қайтадан осы нәрселерді істеп, соларға бой алдырса, онда соңғы күйлері алғашқысынан да жаман болмақ+. 21 Олар үшін әділет жолы жайлы тура білім алғаннан кейін, өздеріне берілген қасиетті өсиеттен бас тартқаннан гөрі, бұл жолды мүлдем білмегендері жақсырақ болар еді+. 22 Олардың жағдайында “төбет қайта оралар құсығына, жуылған шошқа қайта аунар батпағына”+ деген мәтел дәл орындалды.