Мұсаның 2-жазбасы
4 Алайда Мұса: “Ал егер олар: —Ехоба саған көрінген жоқ,— деп, маған сенбей, айтқаныма құлақ аспаса ше+?”— деді. 2 Ехоба: “Қолыңдағы не?”— деп сұрады. “Таяқ”,— деп жауап берді ол. 3 Сонда Құдай: “Оны жерге таста”,— деді. Мұса таяқты жерге тастағанда, ол жыланға айналды+. Мұса одан қаша жөнелді. 4 Ехоба: “Қолыңды созып, оны құйрығынан ұста”,— деді. Мұса қолын созып, жыланды ұстап еді, ол қайтадан таяққа айналды. 5 Сонда Құдай: “Ата-бабаларының Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың Құдайы Ехобаның+ саған көрінгеніне сенулері үшін, оларға осыны көрсет+”,— деп айтты.
6 Содан кейін Ехоба: “Қолыңды қойныңа салшы”,— деді. Мұса қолын қойнына салды. Ол қолын қайтадан шығарса, алапес басып, қар сияқты ағарып кетіпті+! 7 Сосын Құдай: “Қолыңды қайтадан қойныңа сал”,— деді. Мұса солай істеді. Қолын қайта шығарып еді, ол бұрынғы сап-сау қалпына келді! 8 Құдай оған былай деп тіл қатты: “Егер олар саған сенбей, бірінші кереметіңді қабылдамаса, онда екіншісінен кейін сөзсіз сенеді+. 9 Ал осы екі кереметке де сенбей, сені тыңдаудан бас тартса, Ніл өзенінен су алып, жерге төк. Сонда жерге төгілген су қанға айналады+”.
10 Мұса Ехобаға: “Ехоба, кешіре көр, мен ешқашан — бұрын да, сен құлыңа тіл қатып тұрған осы уақытта да — шешен болған емеспін. Сөзге шорқақпын, тілім жүйрік емес*”+,— деді. 11 Бұған Ехоба: “Адамға тілді берген кім? Оны мылқау не саңырау, көзі көретін не соқыр ете алатын кім? Мұны істейтін мен, Ехоба, емеспін бе? 12 Ендеше, бар! Мен аузыңа сөз салып, не айтуың керектігін үйретемін+”,— деді. 13 Бірақ Мұса: “Ехоба, мені кешіре көр, бұл іске өзің қалаған басқа біреуді жіберші”,— деп өтінді. 14 Сонда Ехоба оған қатты ашуланды. Сөйтіп, былай деді: “Леуі руынан шыққан Харон+ атты ағаң бар емес пе? Оның сөзге шешен екенін білемін. Ағаң саған жолығуға келе жатыр. Сені көріп, ол қатты қуанады+. 15 Онымен сөйлесіп, менің сөздерімді жеткіз+. Мен сенің де, оның да аузына сөз салып+, не істеу керектігін үйретемін. 16 Харон халыққа сенің атыңнан сөйлеп, өкілің болады. Ал сен ол үшін Құдай іспетті* боласың+. 17 Мына таяқты қолыңа ал, сен онымен кереметтер жасайсың+”.
18 Содан Мұса қайын атасы Еторға+ барып: “Рұқсат етсеңіз, Мысырдағы бауырларыма барып, аман-саулығын білейін”,— деді. Етор оған: “Бара ғой, жолың болсын”,— деп келісті. 19 Сосын Ехоба Мадиян жерінде Мұсаға: “Мысырға қайта орал, өйткені сенің жаныңды іздегендердің бәрі өлді”+,— деді.
20 Мұса әйелі мен ұлдарын есекке отырғызып, Мысырға қарай жол тартты. Сондай-ақ ол қолына Құдай ал деп бұйырған таяқты ала жүрді. 21 Ехоба оған былай деді: “Мен саған кереметтер жасайтын құдірет бердім. Мысырға оралғаныңда, солардың бәрін перғауынның алдында жаса+. Бірақ мен оның жүрегінің қасарысуына жол беремін+. Сондықтан ол халықты жібермейді+. 22 Ал сен перғауынға мынаны айт: —Ехоба былай дейді: “Исраил — менің ұлым, менің тұңғышым+. 23 Саған айтамын, ұлымды жібер, маған қызмет етсін. Егер жібермесең, мен сенің ұлыңды, тұңғыш ұлыңды, өлтіремін+”.
24 Жолшыбай түнейтін жерде Ехоба*+ оған кезігіп, оны өлтірмек болды+. 25 Сонда Сапура+ қолына тас пышақ алып, ұлын сүндеттеді де, кесіп алған терісін оның аяғына тастап: “Осы қан арқылы сен маған күйеусің”,— деді. 26 Сонда ол баланы жайына қалдырды. Сүндет рәсімін жасағандықтан, Сапура “қан арқылы сен маған күйеусің” деген еді.
27 Сосын Ехоба Харонға: “Шөл далаға барып, Мұсаның алдынан шық”+,— деді. Ол жолға шығып, Құдай тауының+ етегінде Мұсаны кездестіріп, бетінен сүйіп амандасты. 28 Мұса Харонға өзін жіберген Ехобаның барлық сөзін+ және оның қандай кереметтер жасауды бұйырғанын+ айтып берді. 29 Бұдан кейін екеуі исраилдіктерге барып, олардың барлық ақсақалдарын жинады+. 30 Харон оларға Ехобаның Мұсаға айтқан сөзін түгел айтып берді. Ал Мұса халықтың алдында кереметтер жасады+. 31 Сонда халық Мұсаға сенді+. Исраилдіктер Ехобаның өздеріне назар аударып+, шегіп жатқан қасіретін көргені+ жайлы естігенде, жерге бас ұрып тағзым етті.