Мұсаның 3-жазбасы
11 Содан кейін Ехоба Мұса мен Харонға былай деді: 2 “Исраилдіктерге мынаны айт: —Жер бетіндегі жан-жануарлардың ішінен мыналарды жеулеріңе болады+: 3 ашатұяқты, күйіс қайыратын жануардың бәрін жеулеріңе болады.
4 Бірақ күйіс қайыратын немесе ашатұяқты жануарлардың ішінен мыналарды жеуге болмайды: түйені, өйткені ол күйіс қайырғанмен, ашатұяқты емес, сондықтан сендер үшін арам+; 5 майбасарды*+, өйткені ол күйіс қайырғанмен, ашатұяқты емес, сол себепті сендер үшін арам; 6 қоянды, өйткені ол күйіс қайырғанмен, ашатұяқты емес, сендер үшін арам; 7 шошқаны+, өйткені ол ашатұяқты болғанмен, күйіс қайырмайды, сол себепті сендер үшін арам. 8 Бұлардың етін жемеңдер, өлігіне де тимеңдер, олар сендер үшін арам+.
9 Суда мекендейтіндердің ішінен жүзу қанаттары мен қабыршықтары барлардың бәрін жеулеріңе болады. Олар қай суда мекендемесін, теңізде не өзенде болсын, азық ете беріңдер+. 10 Бірақ теңізде не өзенде құжынаған жәндіктердің және судағы басқа да мақұлықтардың* ішінен жүзу қанаттары мен қабыршақтары жоқтарының бәрі сендер үшін жиіркенішті болсын. 11 Олар сендер үшін жиіркенішті болу керек. Олардың етін жемеңдер+, өлігінен жиреніңдер. 12 Суда мекендейтін жүзу қанаттары мен қабыршақтары жоқ кез келген мақұлық сендер үшін жиіркенішті.
13 Қанаттылардың ішінен жиіркенулерің керек және жеуге болмайтын құстар мыналар: бүркіт+, балықшы тұйғын, тазқара+, 14 қызыл және қара кезқұйрықтың барлық түрі, 15 қарғаның кез келген түрі, 16 түйеқұс, жапалақ, шағала, сұңқардың кез келген түрі, 17 байғыз, суқұзғын, құлақты жапалақ, 18 аққу, бірқазан, күшіген, 19 дегелек, құтанның кез келген түрі, бәбісек, жарқанат. 20 Жер бетінде құжынаған төртаяқты әрі қанатты жәндіктердің бәрі сендер үшін жиіркенішті.
21 Жер бетінде құжынаған төртаяқты әрі қанатты жәндіктердің ішінен секіріп жүретін қосымша аяқтары барларын ғана жеулеріңе болады. 22 Олар мыналар: көшпелі шегіртке, кәдімгі шегіртке+, қара шегіртке мен шекшек шегірткелердің барлық түрі. 23 Жерде құжынап жүретін төртаяқты әрі қанатты басқа да жәндіктердің бәрі сендер үшін жиіркенішті. 24 Бұл жәндіктер сендерді арамдайды. Олардың өлігіне тиген кісі кешке дейін таза емес болып саналады+. 25 Олардың өлігін ұстаған әркім киімін жусын+, ол кешке дейін таза емес болып саналады.
26 Ашатұяқты, бірақ тұяғының айыры терең емес, күйіс қайырмайтын кез келген жануар сендер үшін арам. Оған тиген адам да арамдалады+. 27 Төртаяқты жануарлардың ішінен тұяғы жоқ, табанымен жүретіндердің бәрі сендер үшін арам. Олардың өлігіне тиген адам кешке дейін таза емес болып саналады. 28 Солардың өлігін ұстаған кісі киімін жусын+, ол кешке дейін таза емес болып саналады+. Ондай жануарлар сендер үшін арам.
29 Жер бетінде құжынап жүрген мақұлықтардың ішінде мыналар сендер үшін арам: көртышқан, тышқан+, кесірткенің түр-түрі, 30 жармасқы*, келес, тритон, құм кесірткесі және құбылғы*. 31 Жер бетінде құжынаған осы мақұлықтар сендер үшін арам+. Олардың өлігіне тиген әркім кешке дейін таза емес болып саналады+.
32 Егер осылардың өлігі қандай да бір нәрсенің ішіне не үстіне түсіп кетсе — мейлі ол ағаш ыдыс, киім, тері не мата болсын — арамдалады. Арамдалған ыдысты, не нәрсеге қолданылмасын, суға салып қою керек. Ол кешке дейін арам болып саналады, содан кейін таза болады. 33 Егер өлік қыш ыдысқа түсіп кетсе, оның ішіндегінің бәрі арамдалады. Ыдысты сындырып тастау керек+. 34 Осындай ыдыстағы су тиген тамақ арамдалады. Мұндай ыдысқа құйылған кез келген сұйықтық та арам болады. 35 Үстіне өлік түскен нәрсе, тандыр не ыдыс қойғыш болсын, арамдалады, оларды қиратып тастау керек. Олар таза емес, сендер үшін арам болып қала бермек. 36 Бұлақтағы не су сақтайтын құдықтағы су ғана таза болып қалады. Бірақ ондағы өлікті шығарған адам арамдалады. 37 Егер өлік себілетін тұқымның үстіне түссе, тұқым таза болып қала береді. 38 Ал өліктің қандай да бір бөлігі суға жібітілген тұқымға түсіп кетсе, ол сендер үшін арам.
39 Егер етін жеуге болатын мал өліп қалса, оның өлігіне тиген адам кешке дейін таза емес болып саналады+. 40 Кім оны жесе, киімін жусын, ол кешке дейін таза емес болып саналады+. Өлікті шығарған адам да киімін жусын, ол кешке дейін таза емес болып саналады. 41 Жер бетінде құжынаған мақұлықтар жиіркенішті+. Оларды жеуге болмайды. 42 Бауырымен жорғалаушылардың, төртаяқтылардың не жер бетінде құжынап жүрген көпаяқтылардың ешқайсысын жемеңдер, өйткені олар жиіркенішті+. 43 Жер бетінде құжынаған мақұлықтар арқылы өздеріңді жеркенішті етіп, ластамаңдар және арамдамаңдар+. 44 Өйткені мен Құдайларың Ехобамын+. Өздеріңді таза ұстап, киелі болыңдар+, себебі мен киелімін+. Жер бетінде құжынап жүрген ешбір мақұлық арқылы өздеріңді арамдаушы болмаңдар. 45 Өйткені мен Құдайларың болу үшін сендерді Мысырдан алып шыққан Ехобамын+. Мен киелі болғандықтан+, сендер де киелі болыңдар+.
46 Жануарларға, қанаттыларға, суда жүзетін және жерде құжынап жүрген түрлі мақұлыққа* қатысты заң, міне, осындай. 47 Бұл заң сендерге тазаны таза еместен, жеуге болатын жануарды жеуге болмайтындарынан ажырата білулерің үшін берілді+”.