“Өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптерінің сілтемелері
4—10 қаңтар
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 3-ЖАЗБАСЫ 18, 19
“Өнегелік тазалықты сақтаңыз”
Шайтанның тұзағынан сақ жүріңіз!
Айналасындағы елдердің азғын істерін айта келе Ехоба халқына былай деді: “Мен сендерді алып бара жатқан Қанахан елінің адамдарындай әрекет етпеңдер... Солардың кесірінен жерлері де арамдалды. Мен оның тұрғындарын күнәсі үшін жазалаймын”. Қанахандықтар лас, азғын өмір сүргендері сонша — олардың жері Исраилдің киелі Құдайы үшін арам, бүлінген жер болған (Мұс. 3-ж. 18:3, 25).
Ехоба өз халқын жетелейді
13 Бұл адал патшалар адам ақылымен ғана шектелген өзге халықтардың басшыларынан қаншалықты ерекшеленді десеңізші! Мысалы, Қанахан басшылары мен олардың халықтары жақын туысымен жыныстық қатынаста болу, бір жыныстағы адаммен және малмен жақындасу, балаларды құрбандыққа шалу, пұттарға табыну сияқты сұмдық істермен айналысқан (Мұсаның 3-жазбасы 18:6, 21—25). Бұған қоса, Бабыл мен Мысыр басшылары Құдай халқындағыдай тазалық ережелерін ұстанбаған (Мұсаның 4-жазбасы 19:13). Құдайдың халқы, керісінше, өз жетекшілерінің рухани, құлықтылық және тәндік тазалықты насихаттағанын көріп жүрді. Расында да, оларды Ехобаның өзі жетелеп жүрген еді.
Құдай қайғы-қасіретті жоюды уәде етеді
Ал өмір салттарын өзгертуден бас тартып, зұлым істерінен қайтпайтын қыңыр адамдармен не болады? Нақыл сөздер 2:21, 22-де нақты жазылған мына сөздер бұған жауап болады: “Әділдер елді мекендейді, кінәратсыздар сонда тұра береді. Ал зұлымдар елден аластатылады, опасыздар түп-тамырымен құртылады”. Иә, татулық орнаған жерде зұлым адамдардың ықпалы болмайды. Сол кезде жер бетінде мойынсұнғыш адамдар кемелсіздіктерінен бірте-бірте арылады (Римдіктерге 6:17, 18; 8:21).
Рухани асыл тастар
“Сенің заңыңды қалай жақсы көремін десеңші!”
11 Құдай өз халқының игілігін ойлайтынын көрсететін Мұса заңының екінші қыры масақ терумен байланысты. Ехоба исраилдік диқаншыға егістігіндегі өнімін жинағанда, қалып қойған масақтарды мұқтаждардың теріп алуына рұқсат етуді бұйырған. Диқаншылар егістігін шетіне дейін толығымен орып алмауы, сондай-ақ қалып қойған жүзімдерін не зәйтүн жемістерін жинап алмаулары керек еді. Егістікте қалып кеткен масақты қайта термеулері керек болатын. Бұл кедейлер, келімсектер мен жетім-жесірлер үшін сүйіспеншілікпен қарастырылған шара еді. Рас, масақты теру үшін олар өз тарапынан біраз тер төгулері керек-тін, бірақ осының арқасында қайыр сұрап жүрмес еді (Леуіліктер 19:9, 10; Заңды қайталау 24:19—22; Забур 36:25).
11—17 қаңтар
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 3-ЖАЗБАСЫ 20, 21
“Ехоба өз халқын бөліп алған”
Жұмақ. Оның орнайтынына сенімдісің бе?
12 Дегенмен атүсті қарауымызға болмайтын бір жайт бар. Құдай исраилдіктерге: ‘Нығайып, өздерің иелік ету үшін өтейін деп жатқан жерге барып, оны иемдену үшін мен бүгін сендерге өсиет етіп отырған... өсиеттердің бәрін ұстаныңдар’,— деген болатын (Заңды қайталау 11:8). Леуіліктер 20:22, 24-те де осы жер туралы айтылады: “Менің барлық ережелерімді ұстанып, барлық заңдарымды орындаңдар, сонда мен сендерді тұруға алып бара жатқан жер өздеріңді қуып шықпайды. Мен сендерге: — Олардың жеріне сендер иелік етіңдер және сүт пен бал ағып жатқан жерді мен сендерге беремін,— деп айтқанмын”. Иә, олар Уәде етілген жерге иелік етулері үшін Ехоба Құдаймен жақсы қарым-қатынаста болулары керек еді. Құдайдың бабылдықтарға исраилдіктерді жаулап алып, өз жерлерінен алып кетуіне жол беруінің себебі, олардың Құдайға бағынбағандығы еді.
it-1 1199-б.
Мұра
Мұра — адам өлген соң оның мұрагеріне не соны иеленуге құқылы адамға өтетін кез келген мүлік; әлдекімге ата-бабасынан не өзінен бұрынғы кісіден мирас сияқты тиетін кез келген нәрсе (дүние-мүлік қана емес). Киелі кітапта “нахал” (зат есімі “нахала”) деген негізгі еврей етістігі қолданылған. Бұл сөз мұраны не мұралы иелікті әдетте өзінің алдындағы адамдардан алуды не артында қалғандарға беруді білдіреді (М4ж 26:55; Езк 46:18). Кейде “йараш” етістігі “мұрагер болу” мағынасында, ал жиі мирас етпей-ақ “иемдену” мағынасында қолданылады (М1ж 15:3; М3ж 20:24). Сонымен қатар бұл сөздің әскери күшпен “тартып алу; қуып шығу” деген мағынасы да бар (М5ж 2:12; 11:23). Мұрамен байланысты грек сөздері “клерос” сөзімен мағыналас келеді. Бұл сөз әуел баста “жеребені” білдірсе, кейініректе “үлесті”, ал ақырында “мұраны” білдіретін болды (Мт 27:35; Е.і 8:21; 26:18).
it-1 317-б., 2-абз.
Құстар
Дүниежүзілік Топан судан кейін Нұх жануарлармен қоса, “адал құстан” да алып, құрбандыққа шалды (М1ж 8:18—20). Содан кейін Құдай адамдарға құстарды жеуге рұқсат берді, тек олардың қанын жеуге болмайтын (М1ж 9:1—4; М3ж 7:26; 17:13 салыстырыңыз). Сол уақытта Құдай құрбандыққа жарамды деп тапқан құстар “адал” деп есептелген болса керек. Олардың тамаққа қолданылуына тоқталсақ, Киелі кітаптан көрінетіндей, Мұса Заңы күшіне енгенше, ешқандай құс “таза емес” деп саналмаған (М3ж 11:13—19, 46, 47; 20:25; М5ж 14:11—20). Қандай жайттарға негіздеп құстың діни тұрғыдан “таза емес” саналғаны Киелі кітапта ашық айтылмаған. Арам құстарға көбінесе жыртқыш не өлексемен қоректенетін құстар жатқанымен, бәрі емес (“УДОД” қараңыз). Бұл тыйым жаңа келісім күшіне енгенде алынып тасталды. Құдайдың Петірге берген аяны — бұған айғақ (Е.і 10:9—15).
Рухани асыл тастар
it-1 563-б.
Денені тілу, кесу
Құдай Заңы өлген адамды жоқтап, денені тілгілеуге тыйым салған (М3ж 19:28; 21:5; М5ж 14:1). Бұған себеп — Исраил халқы Ехобаның қасиетті халқы, ерекше меншігі болған (М5ж 14:2). Сондықтан исраилдіктер пұтқа табынушылықпен байланысты іс-әрекеттердің ешқайсысын жасамау керек еді. Оның үстіне, денені кесу, тілгілеу арқылы өлгендерді соншама жоқтау Исраил халқы үшін мүлдем жөнсіз еді, өйткені олар марқұмдардың күйі мен қайта тірілуге деген үміт жайында жақсы білетін (Дн 12:13; Ев 11:19). Сондай-ақ денеге зақым келтіруге болмайды деген тыйым исраилдіктерді Құдайдың жаратылысына, яғни адам тәніне, тиісті құрмет көрсетуге талпындырған.
18—24 қаңтар
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 3-ЖАЗБАСЫ 22, 23
“Жыл сайынғы мейрамдардың біз үшін мәні”
it-1 826, 827-б.
Ашымаған нан мейрамы
Ашымаған нан мейрамының алғашқы күні салтанатты жиын әрі демалыс күні болған. Ал екінші күні, 16 нисанда, Палестинада бірінші боп пісетін астықтың, яғни арпаның алғашқы бауы діни қызметкерге апарылған. Осы мейрамға дейін жаңа астықтың дәнін шикілей де, қуырып та, одан нан пісіріп те жеуге болмайтын. Діни қызметкер алғашқы бауды әрі-бері тербеп, бейнелі мағынада Ехобаға ұсынған. Сонымен қатар осы кезде түгел өртейтін құрбандыққа еш кемістігі жоқ бір жасқа дейінгі еркек тоқты, май араласқан астық тартуы мен сұйық тарту әкелінген (М3ж 23:6—14). Дәнді я ұнды құрбандық ошағында жағыңдар деген ешқандай бұйрық болмаған, мұны кейінірек діни қызметкерлер істейтін болған. Осы мейрам кезінде жалпы халық қана емес, Исраил жерінде иелігі бар әрбір отбасы және әрбір адам ризашылық құрбандықтарын әкеле алған (М2ж 23:19; М5ж 26:1, 2; “ПЕРВЫЕ ПЛОДЫ” қараңыз).
Мәні. Сол уақытта исраилдіктер Ехобаның Мұсаға берген нұсқауларына сай ашытқысыз пісірілген нан жеген. Бұл нұсқаулар Мұсаның 2-жазбасы 12:14—20 тармақтарда жазылған еді, әрі оның ішінде мынадай қатаң бұйрық болған: “Жеті күн бойы үйлеріңде ашытқы болмасын” (19-тармақ). Мұсаның 5-жазбасы 16:3-те ашытқысыз пісірілген нан “шеккен азаптарыңды еске салатын нан” деп аталған, бұл нандар жыл сайын исраилдіктерге Мысырдан асығыс шыққандарын еске салып тұрған (сол кезде олардың қамырды ашытуға уақыттары болмаған [М2ж 12:34]). Осылайша олар Исраилдің тұтқында жүріп азап шеккен күйлерінен азат етілгенін естеріне алды. Ехобаның өзі: “Осылайша көздерің тірі кездің бәрінде Мысыр елінен шыққан күнді ұмытпайсыңдар”,— деген. Исраилдіктердің жыл сайынғы үш ұлы мейрамының алғашқысында өздерінің халық ретінде азат етілгендері әрі Ехоба олардың Құтқарушылары екені жайында ой қозғағандары өте орынды болған (М5ж 16:16).
it-2 598-б., 2-абз.
Елуінші күн мейрамы
Елуінші күн мейрамында бидайдың алғашқы өнімі Ехобаға тарту етілген. Алайда бұл алғашқы өнім арпаның алғашқы өнімінен басқаша ұсынылған. Ефаның оннан екі бөлігі (4,4 л) болатындай сапалы ұннан ашытылған екі нан пісірілген. Бұл нанды исраилдіктер “үйлерінен алып келген”, яғни оларды арнайы киелі мақсатта қолданылған нан сияқты емес, күнделікті жеп жүрген нан сияқты әзірлеген (М3ж 23:17). Бұл екі нанмен бірге түгел өртелетін, күнә үшін әкелінетін құрбандықтар әкелінген, сондай-ақ татулық құрбандығына екі еркек тоқты ұсынылған. Діни қызметкер нандарды және тоқтылардың бөліктерін алақанына алып, әрі-бері тербеген, осылай бейнелі мағынада оларды Ехобаның алдында ұсынған. Содан соң бұлар татулық құрбандығы ретінде жеу үшін діни қызметкерге берілген (М3ж 23:18—20).
Ехобаның ұйымымен бірге алға басып келесің бе?
11 Ехобаның ұйымы біздің қамымызды ойлап, елші Пауылдың мына кеңесіне құлақ асуға шақырады: “Сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлейік. Кейбіреулер сияқты жиналыстарға бармай қалуды әдетке айналдырмайық, қайта, бір-бірімізді жігерлендіре берейік. Сол күннің жақын қалғанын білгендіктен, бұларды бұрынғыдан да көбірек істейік” (Евр. 10:24, 25). Жыл сайын тойланған мейрамдар мен ғибадатпен байланысты өзге де жиындар исраилдіктерді рухани жағынан нығайтып отырған. Сонымен қатар Нехемияның күндеріндегі Күркелер мейрамы сияқты арнайы мейрамдар жұртқа қуаныш сыйлаған (Мыс. ш. 23:15, 16; Нех. 8:9—18). Сол іспетті біз де бүгінде қауым кездесулері мен конгрестердің пайдасын көріп жүрміз. Бақытты болуымызға және рухани күйіміздің жақсаруына септігін тигізетін осы шаралардың барынша игілігін көрейік! (Тит. 2:2).
Рухани асыл тастар
Мінсіздіктен таймаңыз!
3 Құдайдың қызметшілері үшін мінсіздік дегеніміз — Ехобаны бар жүрекпен сүю, оған мызғымас берілгендік сақтау. Осындай адам шешім қабылдаған әр жағдайда Құдайдың еркін бірінші орынға қояды. Мінсіздік сөзінің мағынасына үңіле түссек, Киелі кітаптағы бұл сөз бүтін, еш кемістіксіз я тұтас деген мағыналарды береді. Мысалы, Мұса Заңы бойынша исраилдіктер Ехобаға арнап еш кемістігі жоқ мал шалулары керек еді (Мұс. 3-ж. 22:21, 22). Оларға бір аяғы, құлағы не көзі жоқ, я болмаса ауру малды әкелуге болмайтын. Ехоба үшін малдың бүтін, еш кемістіксіз болғаны маңызды еді (Малх. 1:6—9). Малдың еш кемістіксіз я бүтін болғанына Ехобаның неге мән бергені түсінікті. Өзіміз де бір нәрсе сатып алғанда, ол жеміс, кітап не қандай да бір зат болсын, оның бүтін, тұтас, кем-кетіксіз болғанын қалаймыз. Сол сияқты Ехоба да оған деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың бүтін, еш кемістіксіз я тұтас болғанын қалайды.
25—31 қаңтар
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 3-ЖАЗБАСЫ 24, 25
“Азаттық жылы мен болашақтағы бостандық”
it-1 871-б.
Азаттық, бостандық
Азаттықтың Құдайы. Ехоба — азаттықтың Құдайы. Ол Исраил халқын Мысыр құлдығынан босатты. Ол исраилдіктерге егер заңдарына құлақ асып жүрсе, мұқтаждық көрмейтіндерін айтқан (М5ж 15:4, 5). Алайда Заң бойынша, еврей кісі кедейленіп қалса, өзін және отбасын ең қажеттімен қамдау үшін өзін құлдыққа сата алған. Бірақ жетінші жылы, Заңға сай, оған бостандық берілу керек еді (М2ж 21:2). Азаттық жылы (әрбір 50-інші жылы болған) елдің күллі тұрғындарына еркіндік жарияланған. Сонда әрбір еврей құл еркіндікке шығып, әркім өз мұралық жеріне оралған (М3ж 25:10—19).
it-1 1200-б., 2-абз.
Мұра
Бір отбасының меншігіндегі жер ұрпақтан ұрпаққа қалатындықтан, оны біржола сатуға болмайтын. Жер сатылғанда, ол жалға берілгендей болған әрі оның құны жердің беретін өніміне қарай белгіленген. Бұл баға келесі Азаттық жылына дейін қанша жыл қалғанына байланысты анықталған, өйткені осы жылы барлық мұралық жер, егер оған дейін қайта сатып алынған болмаса, бұрынғы иелеріне қайтарылатын (М3ж 25:13, 15, 23, 24). Бұл нұсқау бекінісі жоқ қалалардағы үйлерге де қатысты болған, себебі мұндай үйлер егістік жердің бір бөлігі болып есептелген. Ал бекінісі бар қаладағы үй сатылса, иесі оны бір жылдың ішінде ғана қайтып сатып алуға құқылы болған. Егер ол осы уақыттың ішінде сатып алмаса, бұл үй сатып алған адамның меншігіне айналған. Леуіліктердің болса өз қалаларындағы үйлерін қайта сатып алу құқығы әрдайым сақталған, себебі олардың мұралық жерлері болмаған (М3ж 25:29—34).
it-2 122, 123-б.
Азаттық жылы
Бүгінде көріп жүргеніміздей, көптеген елде қоғам негізінен екі тапқа — өте байлар мен тақыр кедейлерге бөлінген. Ал ежелде Исраил халқы Азаттық жылына қатысты заңды орындағанда, бұл оларды осындай мүшкіл жағдайдан сақтаған. Егер әрбір жеке адамның тұрмысы жақсы болса, бүкіл халықтың да жағдайы жақсы болған. Себебі нашар экономикалық жағдайдан тапшылық көрген яки толыққанды еңбек ете алмаған ешкім болмаған, қайта, бәрі өз дарын-қабілеттерімен қоғамның игілігіне үлес қоса алған. Ехобаның мол өніммен жарылқағанының және елдегі білімнің арқасында Исраил халқы, егер мойынсұнғыш болса, тек шынайы теократия арқылы ғана мүмкін болатын керемет үкімет болып, өркендер еді (Иш 33:22).
Рухани асыл тастар
Сізді ренжіткенде, кек алған дұрыс па?
Егер екі исраилдік төбелесіп қалып, бірі екіншісінің көзін шығарып жіберсе, Заң бойынша, әділ жазаға тартылатын. Алайда айыпкерді не оның отбасы мүшелерінің бірін зардап шеккен адам жазаламайтын. Заң бойынша, бұл мәселені төрешілер шешетін. Қасақана қылмыс жасаған адамға дәл сондай жаза қолданылатынын білгені адамдарды қылмыс жасаудан сақтайтын.
1—7 ақпан
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 3-ЖАЗБАСЫ 26, 27
“Ехобаның батасына кенелудің жолы”
Пайдасыз нәрселерден бас тарт
8 “Байлық” қалайша құдайға айналуы мүмкін? Ежелгі Исраилде далада жатқан тасты мысалға келтірейік. Мұндай тасты үй немесе қабырға соғу үшін қолдануға болатын. Бірақ олар оны тұрғызып қойып, “бағана” не “қашалған тас оба” ретінде қолданған кезде, бұл Исраил халқының жолдан таюына ықпал етті (Леуі. 26:1). Ақшаның да өз орны бар. Оны біз өмір сүру үшін және Ехобаға қызмет ету үшін қолдануымызға болады (Екк. 7:12; Лұқа 16:9). Ал егер ақшаның соңынан қуып, қызметімізді кейінге шегерсек, ол құдайымызға айналады (Тімотеге 1-хат 6:9, 10 оқы). Бұл дүниеде адамдар үшін байлық жинау өте маңызды болып кеткен. Сондықтан біз көзқарасымызды тексеріп, дұрыс екеніне көз жеткізіп отыруымыз керек (Тім. 1-х. 6:17—19).
it-1 223-б., 3-абз.
Қастерлі сезім
Ехоба Мұсамен ерекше қарым-қатынаста болып, оны қолданғандықтан, Мұса Құдай халқының көз алдында қастерлі сезім тудыратын “таңғажайып істер (евр. “мора”)” жасады (М5ж 34:10, 12; М2ж 19:9). Сенімі болғандар Мұсаның билігіне қатысты орынды қорқыныш сезінген. Құдайдың сол арқылы сөйлейтінін олар түсінген. Исраилдіктер Ехобаның қасиетті орнын да терең қастерлеу керек еді (М3ж 19:30; 26:2). Бұл олардың Ехоба айтқандай ғибадат етіп, оның барлық заңдарына сай жүріп-тұрулары керектігін білдірген.
w91 1.3. 17-б., 10-абз.
“Құдайдың тыныштығы” жүрегіңізді сақтасын
10 Ехоба халқына былай деген: “Егер жарлықтарыма сай өмір сүріп, заңдарымды ұстанып, оларды орындасаңдар, мезгілінде молынан жауын жаудырамын, сонда жерлерің өнім, даладағы ағаштарың жеміс беретін болады. Елдеріңде тыныштық орнатамын, сонда төсектеріңде еш қорқынышсыз жатасыңдар. Жерлеріңнен жыртқыш аңдарды қуамын, сендерге қарсы ешкім семсер көтермейтін болады. Араларыңда жүріп, Құдайларың боламын, ал сендер менің халқым боласыңдар” (Мұсаның 3-жазбасы 26:3, 4, 6, 12). Исраил халқы жауларынан қауіп төнбегенде, молшылыққа кенелгенде және Ехобамен жақын қарым-қатынаста болғанда тыныштық сезінер еді. Алайда бұл Ехобаның Заңын орындағандарына байланысты болған (Зәбүр 119:165).
Рухани асыл тастар
it-2 617-б.
Індет
Құдай Заңынан бас тартқанның салдары. Құдай Исраил халқына өзімен жасасқан келісімді ұстанбаса, оларға “індет жіберетінін” ескерткен (М3ж 26:14—16, 23—25; М5ж 28:15, 21, 22). Киелі жазбаларда физикалық және рухани денсаулық Құдайдың батасымен байланыстырылады (М5ж 7:12, 15; Зб 103:1—3; Н.с 3:1, 2, 7, 8; 4:21, 22; Аян 21:1—4). Ал ауру күнәмен және кемелсіздікпен байланыстырылған (М2ж 15:26; М5ж 28:58—61; Иш 53:4, 5; Мт 9:2—6, 12; Жх 5:14). Ехоба Құдай кей кезде адамдарды тікелей өзі әрі сол заматта-ақ дертке ұшыратқаны рас, мысалы Мәриямды, Ұзиях пен Гехезиді алапеске шалдықтырған (М4ж 12:10; Ш2ж 26:16—21; П2ж 5:25—27). Десе де көп жағдайда жеке адамдар не бүкіл халық күнәкар істерінің салдарынан сөзсіз туындайтын, қашып құтыла алмас аурулар мен індеттерге шалдыққан. Олар жай ғана не еккен болса, соны орған, өздерінің дұрыс емес өмір салттарының кесірінен тәндері жапа шеккен (Ғл 6:7, 8). Сорақы жыныстық азғындыққа салынғандар жайында елші Пауыл: “Құдай оларды... арам істерінің былығына батып, өз тәндерін өздерінің қорлауына жол берді... Осындай күнәсі үшін олар қарымтасын толық алып жатыр”,— деген (Рм 1:24—27).
8—14 ақпан
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 4-ЖАЗБАСЫ 1, 2
“Ехобаның ұйымдасқан халқы”
w94 1.12. 9-б., 4-абз.
Ехобаға ғибадатымыздың өмірімізден алар тиісті орны
4 Шөл даладағы Исраил қосына жоғарыдан қарағанда, не көрер едіңіз? Өте ауқымды болса да, тәртіппен тізіле орналасқан шатырларды көрер едіңіз. Оларда тұрып жатқан, сірә, үш миллионнан не одан көп адам солтүстік, оңтүстік, батыс пен шығысқа үш-үш рудан бөлінген. Жақынырақ үңіле түссеңіз, қостың ортасына қарай орналасқан шатырлардың кішірек төрт тобын байқайсыз. Бұларда леуі руынан шыққан отбасылар тұрады. Қостың қақ ортасында матамен қоршалған бір ерекше ғимарат тұр. Бұл — шебер исраилдіктер Ехобаның берген үлгісіне сай жасаған “кездесу шатыры” не киелі шатыр (Мұсаның 4-жазбасы 1:52, 53; 2:3, 10, 17, 18, 25; Мұсаның 2-жазбасы 35:10).
it-1 397-б., 4-абз.
Қос
Исраил қосының ауқымы өте үлкен болған. Киелі кітаптағы есепке қарасақ, онда соғысқа жарамды 603 550 ер адамға қоса, әйелдер мен балалар, қарттар, науқастар мен кемтарлар, 22000 леуілік пен “көптеген жатжұрттықтар” болған. Барлығының саны 3 000 000 не одан көп болса керек (М2ж 12:38, 44; М4ж 3:21—34, 39). Мұндай қостың қандай жер көлемін алып жатқанын нақтылап айту қиын, бұған қатысты болжамдар әртүрлі. Олар Иерихонға қарама-қарсы Моаб шөл даласына қос тіккенде, оның “Бет-Ешимоттан Әбел-Шиттимге дейінгі аралықты” алып жатқаны айтылған (М4ж 33:49).
Рухани асыл тастар
it-2 764-б.
Санақ
Бұл — халықты руы, әулеті не тегі бойынша есімдерімен есепке алу. Санақ тек адамдардың санын білу үшін ғана жасалмаған. Киелі кітапта айтылған халық санағы әртүрлі мақсатпен жүргізілген: мысалы салық салу, әскери қызметке шақыру немесе (леуіліктердің жағдайында) қасиетті орындағы міндеттерін бөліп беру үшін.
15—21 ақпан
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 4-ЖАЗБАСЫ 3, 4
“Леуіліктердің қызметі”
it-2 683-б., 3-абз.
Діни қызметкер
Заң келісімінің тұсында. Исраилдіктер Мысырда құлдықта болған кезде, Ехоба олардың барлық тұңғыш ұлдарын қасиетті етіп, өзі үшін бөліп алды да, мысырлықтардың тұңғыштарын оныншы жаза кезінде мерт қылды (М2ж 12:29; М4ж 3:13). Сондықтан бұл тұңғыштар Ехобаға тиесілі болған, олар тек арнайы қызметте қолданылу керек еді. Атап айтқанда, Құдай Исраилдің барлық тұңғыш ұлдарын қасиетті орында діни қызметкерлер және қызметшілер етіп тағайындай алар еді. Бірақ ол бұл қызметке Леуі руының ер адамдарын тағайындауды шешті. Сол себепті Ехоба халыққа басқа 12 рудың (Жүсіптің балалары Ефрем мен Манасаның ұрпақтары екі ру болып есептелген) тұңғыш ұлдарының орнына леуіліктерді беруді рұқсат етті. Санақтың нәтижесі бойынша, жасы бір айға толған және одан асқан леуілік емес рулардың тұңғыш ұлдарының саны леуіліктерге қарағанда 273 адамға артық болып шықты. Сонда Ехоба осы 273 адамның әрқайсысы үшін төлем ретінде 5 шекелден (11$) беруді талап етті, бұл ақша Харон мен оның ұлдарына берілді (М4ж 3:11—16, 40—51). Осы мәміле жасалмай тұрғанда-ақ, Ехоба леуі руынан шыққан Харонның әулетіндегі ер адамдарды Исраилде діни қызмет атқарсын деп бөліп алған болатын (М4ж 1:1; 3:6—10).
it-2 241-б.
Леуіліктер
Міндеттері. Леуіліктер Леуінің Гершон, Қахат және Мерари деген ұлдарынан тараған үш әулеттен құралған (М1ж 46:11; Ш1ж 6:1, 16). Бұл әулеттердің әрқайсысына шөл даладағы киелі шатырдың қасынан орын берілді. Хароннан тараған Қахат әулеті қостарын киелі шатырдың алдыңғы жағына, яғни шығысына тіккен. Ал басқа қахаттықтар киелі шатырдың оңтүстік, гершондықтар батыс, мерариліктер солтүстік жағына орналасқан (М4ж 3:23, 29, 35, 38). Леуіліктердің жұмысы киелі шатырды құру, оны бөлшектеп жинау және алып жүру болған. Қос көшерде, Харон мен оның ұлдары Ең қасиетті бөлмені Қасиетті бөлмеден бөліп тұрған шымылдықты шешкен, куәлік сандығын, құрбандық үстелдері мен басқа да қасиетті бұйымдар мен заттарды жапқан. Бұларды қахаттықтар алып жүрген. Ал гершондықтар киелі шатырдың ішкі және сыртқы жабындарын, перделерді, ауланың маталарын және арқандарды (киелі шатырдың өзінің арқандары болса керек) тасыған. Мерариліктер болса шатырдың жақтауларын, бағаналарды, ойығы бар тұғырларды, қазықтар мен арқандарды (аула қоршауының арқандарын) алып жүрген (М4ж 1:50, 51; 3:25, 26, 30, 31, 36, 37; 4:4—33; 7:5—9).
it-2 241-б.
Леуіліктер
Мұсаның күндерінде леуіліктер 30 жасында өз міндеттеріне толық кіріскен, мысалы киелі шатырды көшіргенде, оны және бұйымдарын алып жүрген (М4ж 4:46—49). Кейбір міндеттерді 25 жастан атқаруға болатын, бірақ бұл киелі шатырды тасымалдау сияқты ауыр жұмыс болмаған көрінеді (М4ж 8:24). Ал Дәуіт патшаның күнінде жас мөлшері 20-ға қысқартылған. Дәуіттің түсіндіруінше, киелі шатырды бұдан былай тасып жүрудің қажеті болмаған (өйткені оның орнын ғибадатхана алмастырмақ еді). Леуіліктер өздерінің міндетті қызметтерін 50 жаста тоқтатқан (М4ж 8:25, 26; Ш1ж 23:24—26; “ВОЗРАСТ” қараңыз). Олар Заңды жақсы білу керек болған, себебі оларды жиі жұрттың алдында Заңды дауыстап оқып беріп, қарапайым халыққа үйретуге шақырып тұрған (Ш1ж 15:27; Ш2ж 5:12; 17:7—9; Нех 8:7—9).
Рухани асыл тастар
Дана бол және Құдайдан қорық!
13 Қиындыққа ұшыраған сәттерде Ехобаның көмегін көргені Дәуіттің Құдай алдындағы қорқынышын күшейтті және оған деген сенімділігін нығайтты (Забур 30:23—25). Алайда елеулі үш жағдайда Дәуіт Құдай алдындағы қорқынышын жоғалтып алды, әрі бұның салдары өте қайғылы болды. Біріншісі — Ехобаның келісім сандығын Иерусалимге Құдай заңы бойынша леуіліктердің иықтарына салмай, арбаға салғызып әкелгені. Арбаны бастап алып келе жатқан Ұза оны құлап кетпесін деп ұстай алғанда, “еркінсіп” әрекет еткені үшін өліп кетеді. Иә, Ұза ауыр күнә жасады, десе де мұның осындай қайғылы жайтқа әкеп соғуы, негізінен, Дәуіттің Құдай заңына тиісті құрмет көрсетпегендігінен еді. Демек, Құдайдан қорқу деген Оның орнатқан тәртібіне сай әрекет етуді білдіреді (Патшалықтар 2-жазба 6:2—9; Руларды санау 4:15; 7:9).
22—28 ақпан
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 4-ЖАЗБАСЫ 5, 6
“Назир болғандардан не үйрене аламыз?”
it-2 477-б.
Назир антын берген адам
Назир антын берген адамдарға үш негізгі шектеу қойылған: 1) Олар мас қылатын ешқандай ішімдік ішпеу керек еді; сондай-ақ жүзімдіктің ешбір өнімін — піскен, піспеген жемісін, мейізін, оның балғын я ашыған шырынын, сірке суын да ішіп-жеуге болмайтын. 2) Олар шаштарын қырықпау керек еді; 3) Оларға мәйітке тиюге, тіпті ең жақын туысының — әкесі не шешесі, аға-інісі не әпке-қарындасының мәйітіне тиюге болмаған (М4ж 6:1—7).
Ерекше анттар. Назир антын берген адам “Ехобаның алдында назир [яғни таңдап алынған, бағышталған, бөліп алынған] болып” өмір сүру керек еді, ол мұны жұрттың көзіне түсу үшін тақуа болып, олардың мақтауына ие болу үшін істемеу керек-тін. Қайта, “ол назир болған уақытының бәрінде Ехобаның алдында қасиетті болған” (М4ж 6:2, 8, сілт.).
Сондықтан назир антын бергендерге қойылатын талаптардың Ехобаға деген ғибадатта ерекше мән-мағынасы болған. Қасиетті қызмет атқарғандықтан бас діни қызметкерге ешбір мәйітке, тіпті ең жақын туысынікіне, жақындауға болмайтыны сияқты, назир болған адамға да бұған тыйым салынған. Бас діни қызметкер мен басқа діни қызметкерлерге өте жауапты қызмет тапсырылғандықтан, Ехобаның алдындағы қасиетті міндеттерін атқарып жатқанда, оларға шарап не мас қылатын өзге де ішімдіктерді ішуге болмайтын (М3ж 10:8—11; 21:10, 11).
Оның үстіне, назир антын берген адам (евр. “назир”) “шашын өсіріп, қасиетті болып қала беру” керек еді. Ұзын шашына қарап, өзгелер оның назир ретінде қызмет ететінін бірден түсінген (М4ж 6:5). Еврейдің “назир” сөзі қасиетті Демалыс жылы мен Азаттық жылындағы “бұталмаған” жүзімдікке қатысты да қолданылған (М3ж 25:5, 11). Тағы бір көңіл қоярлық жайт, бас діни қызметкердің сәлдесіндегі “Киелілік Ехобаға тиесілі” деп ойып жазылған алтын таспа “Құдайға бағышталудың киелі белгісі [евр. “незер”, бұл “назир” сөзімен түбірлес]” деп аталған (М2ж 39:30, 31). Исраилдің майланған патшалары бастарына киген тәж де “незер” деп аталған (С2ж 1:10; П2ж 11:12; “ВЕНЕЦ; ПОСВЯЩЕНИЕ” қараңыз.) Ал мәсіхшілер қауымында елші Пауыл ұзын шаш әйелге орамал орнына берілгенін айтқан. Осылай табиғаттың өзі әйелдің алатын орны ер адамдікінен өзгеше екенін оның есіне салып тұрады: Құдайдың шарасы бойынша ол ер адамға мойынсұну керек. Сонымен, шашты қырықпау (ер адамға жат нәрсе), шарапты ауызға алмау және арамдалмай, таза болып қалу талаптары назир антын берген адамға өз-өзін шектеудің және Ехобаның еркіне толық мойынсұнудың маңыздылығын есіне салған (Қ1х 11:2—16; “ВОЛОСЫ; ПОКРЫВАНИЕ ГОЛОВЫ; ПРИРОДА” қараңыз).
Рухани асыл тастар
w05 15.1. 30-б., 2-абз.
Оқырман сауалдары
Самсон басқа мағынада назир болған. Ол туылмай тұрып, Ехобаның періштесі оның анасына былай деген: “Өйткені бойыңа бала бітіп, ұл туасың. Оның басына ұстара тимеу керек, себебі ол құрсақтан шығысымен Құдайдың назирі болып, Исраилді філістірлерден құтқарады” (Билер 13:5). Самсон назир антын бермеген. Оны назир етіп Құдайдың өзі таңдаған, әрі мұнысы ғұмыр бойы жалғасқан. Өлген мәйітке тимеу туралы шектеудің оған қатысы болмаған. Әйтпесе ол абайсызда өлі денеге тиіп кетсе, қалайша ол қайтадан назир бола алар еді? Демек, туылғаннан бастап ғұмыр бойы назир болудың талаптары өз еркімен назир болғандардың талаптарынан біршама өзгеше болғаны анық.