Мұсаның 3-жазбасы
16 Харонның екі ұлы Ехобаның алдына лайықсыз түрде келіп+, қайтыс болғаннан кейін, Ехоба Мұсаға тіл қатты. 2 Ехоба оған былай деді: “Бауырың Харонға мынаны айт: —Ол өліп қалмас үшін+, келісім сандығы қақпағының алдына, шымылдықтың ішкі жағындағы+ Ең қасиетті бөлмеге, қалаған уақытында кіре бермесін+. Өйткені қақпақ үстіндегі+ бұлт+ менің сонда екенімді білдіреді.
3 Харон Ең қасиетті бөлмеге кірмес бұрын, күнә үшін құрбандыққа жас бұқа+, ал түгел өртелетін құрбандыққа қошқар шалсын+. 4 Ол үстіне зығырдан тоқылған қасиетті көйлек+ пен дамбалды+ кисін. Беліне зығырдан тоқылған белбеуді+ байлап, басына зығырдан тоқылған сәлдені+ кисін. Бұлар қасиетті киімдер+. Бірақ оларды кимей тұрып, жуынсын+.
5 Харон Исраил қауымынан+ күнә үшін құрбандыққа екі жас теке мен түгел өртелетін құрбандыққа бір қошқар алсын.
6 Ол өзінің күнәсі үшін құрбандыққа бұқа ұсынсын, осы арқылы өзінің+ және әулетінің күнәсін өтейді.
7 Сосын екі текені алып, Ехобаның алдына, кездесу шатырының кіреберісіне, келсін. 8 Харон жеребе тастап, олардың қайсысын Ехобаға арнайтынын, ал қайсысының мойнына күнә жүктейтінін* анықтайды. 9 Харон жеребе бойынша+ Ехобаға арналған текені алып, күнә үшін құрбандыққа шалсын. 10 Ал жеребе бойынша мойнына күнә жүктелетін* теке Ехобаның алдына тірідей әкелінсін. Ол күнәні өтеу үшін және мойнына күнә жүктеліп шөл далаға қоя беру үшін қажет+.
11 Харон өзінің күнәсі үшін құрбандыққа бұқа әкеліп, өзінің және әулетінің күнәсін өтесін. Содан кейін ол күнәсі үшін әкелінген бұқаны сойсын+.
12 Кейін Ехобаның алдындағы құрбандық ошағынан қалаққа+ толтыра шоқ салып+, әрі жақсылап ұнтақталған хош иісті заттан+ екі уыс алып, шымылдықтың ішіне кірсін+. 13 Сосын Ехобаның алдында+ хош иісті затты шоқтың үстіне салсын. Сонда оның түтіні куәлік сандығының+ қақпағын+ жауып қалады. Сондықтан ол өлім құшпайды.
14 Бұдан соң бұқаның қанынан+ алып, саусағымен қақпақтың алдына шығыс жақтан бүркісін; саусағын қанға батырып, қақпақтың алдына жеті рет бүркісін+.
15 Кейін ол халықтың күнәсі үшін әкелінген текені сойып+, қанын шымылдықтың ішіне алып кірсін+. Бұқаның қанымен+ не істесе, текенің қанымен де соны істеп, қақпақтың алдына бүркісін.
16 Харон Ең қасиетті бөлмені исраилдіктердің арам істерінен, қылмыстары мен күнәларынан тазартсын+. Ол таза емес халықтың арасында орналасқан кездесу шатырын да тазартсын.
17 Харон күнәні өтеу үшін Ең қасиетті бөлмеге кіріп, қайта шыққанша, кездесу шатырында бірде-бір адам болмау керек. Ол өзінің, әулеті+ мен бүкіл Исраил қауымының күнәсін өтейді+.
18 Содан кейін ол Ехобаның алдындағы құрбандық ошағының+ қасына барып, оны күнәдан тазартсын. Бұл үшін бұқа мен текенің қанынан алып, құрбандық ошағының төрт бұрышындағы мүйіздерге жақсын. 19 Сондай-ақ саусағын қанға батырып, ошаққа жеті рет бүркісін. Осылайша оны исраилдіктердің арам істерінен тазартып, қасиетті етеді.
20 Харон Ең қасиетті бөлмені, кездесу шатырын және құрбандық ошағын+ күнәдан тазартқан соң+, тірі текені әкелсін+. 21 Сосын текенің басына екі қолын қойып тұрып, исраилдіктердің теріс қылықтарын, қылмыстары мен күнәларын айтып, текенің мойнына жүктесін+. Сөйтіп, арнайы тағайындалған* адамға текені шөл далаға жіберуді тапсырсын. 22 Ол текені елсіз жерге+ апарып, босатқаннан кейін, теке халықтың бар күнәсін шөл далаға алып кетеді+.
23 Бұдан кейін Харон кездесу шатырына кіріп, Ең қасиетті бөлмеге кірерде киген зығырдан тоқылған киімдерін шешіп, сол жерде қалдырсын. 24 Ол қасиетті орында жуынып+, киімдерін кисін де+, құрбандық ошағына барсын. Содан өзінің және халықтың түгел өртелетін құрбандықтарын ұсынып, өзінің және халықтың күнәсін өтесін+. 25 Күнә үшін әкелінген құрбандықтың майын да құрбандық ошағында өртеп жіберсін.
26 Мойнына күнә жүктелген текені+ шөл далаға жіберген кісі киімін жусын, өзі де шомылсын. Содан кейін қосқа кіруіне болады.
27 Күнәні өтеу үшін Ең қасиетті бөлмеге қаны кіргізілген бұқа мен теке қостың сыртына шығарылсын. Күнә үшін құрбандыққа әкелінген осы малдардың терісін, етін және жынын өртеп жіберу қажет+. 28 Мұны өртеген адам киімін жусын, өзі де шомылсын. Содан кейін ғана қосқа кіруіне болады.
29 Сендерге мәңгілік ұстанатын мынадай нұсқау беремін: жетінші айдың оныншы күні күнәларың үшін қайғырыңдар*, ешкім — исраилдік те, араларыңда тұрып жатқан жатжерлік те — ешқандай жұмыс істемесін+. 30 Өйткені осы күні күнәларың өтеліп+, таза деп жарияланасыңдар. Ехобаның алдында барлық күнәларыңнан арыласыңдар+. 31 Бұл — сендер үшін толықтай демалатын күн. Осы күні күнәларың үшін қайғырыңдар+. Бұл — мәңгілікке берілген нұсқау.
32 Әкесінің орнын басып+, діни қызметкер ретінде майлау+ әрі тағайындау рәсімінен+ өткен адам күнәсін өтеу үшін құрбандықтар шалсын, сондай-ақ үстіне зығырдан тоқылған киімдерді кисін+. Бұл — киелі киімдер+. 33 Ол осы құрбандықтарды Ең қасиетті бөлме+, кездесу шатыры+, құрбандық ошағы+, діни қызметкерлер мен бүкіл қауым үшін шалсын+. 34 Бұл — жылына бір рет+ исраилдіктердің бар күнәсін өтеу үшін сендерге берілген мәңгілік нұсқау+”.
Осылай Харон бәрін Ехобаның Мұсаға бұйырғанындай істеді.