Қолостықтарға
2 Менің сендер үшін, лаудикиліктер+ үшін және менімен жеке жүздеспегендердің бәрі үшін барынша күресіп жүргенімді білсеңдер екен деймін. 2 Күресімнің мақсаты — олардың жұбаныш табуы+, сүйіспеншілікпен бірлікте болуы+, сондай-ақ зор байлыққа, яғни өздері кәміл сенетін шындық туралы түсінікке және Құдайдың қасиетті құпиясы жайлы, атап айтқанда Мәсіх жайлы+, тура білімге ие болуы. 3 Ал Мәсіхте даналық пен білімнің бүкіл қазынасы жасырылған+. 4 Мен мұны ешкім сендерді ақылға қонымды болып көрінетін сөздерімен алдап кетпесін деп айтып отырмын. 5 Мен тәніммен қастарыңда болмасам да, жүрегіммен орталарыңда болып, араларыңдағы жақсы тәртіпті+ және Мәсіхке деген сенімдеріңнің берік+ екенін көріп қуанудамын.
6 Сонымен, Иеміз Мәсіх Исаны қалай қабылдаған болсаңдар, солай онымен тығыз байланыста жүріңдер. 7 Алған білімдеріңе сай, оған тамыр жайып, нығая беріңдер+, сенімдеріңді де берік сақтаңдар+. Құдайға шексіз алғыс айтыңдар+.
8 Байқаңдар, біреу сендерді адамдардың дәстүріне негізделген пәлсапасымен әрі бос, алдамшы ойларымен+, Мәсіх туралы емес, осы дүниенің қағидаларына негізделген ілімдерімен торға түсіріп алмасын. 9 Өйткені Құдайдың бар қасиеті Мәсіхтің бойынан көрініс тапқан+. 10 Сендер де бүкіл үкімет пен биліктің басы Мәсіхтің+ арқасында ештеңеден құралақан емессіңдер. 11 Сендер онымен байланыстарыңның арқасында сүндеттелдіңдер. Бұл — қолмен жасалған сүндет емес, күнәкар тәндеріңнен арылу+. Мәсіхтің қызметшілері осылай сүндеттеледі+. 12 Өйткені сонікіндей шомылдыру рәсімінен өтулеріңмен сендер онымен бірге көмілдіңдер+, әрі оны өлімнен қайта тірілткен+ Құдайдың құдіретті ісіне сенгендіктен, Мәсіхпен қарым-қатынастарыңның арқасында онымен бірге қайта тірілдіңдер+.
13 Сендер күнәларыңның кесірінен өлі әрі сүндеттелмеген едіңдер, бірақ Мәсіхпен бірлікте болуларың үшін Құдай сендерді тірілтті+. Ол мейіріммен күнәларымыздың бәрін кешірді+. 14 Сондай-ақ жарлықтардан тұрған+ және бізге қарсы жасалған+ құжатты мүлдем жойды+. Құдай оны азап бағанасына* ілу+ арқылы жолдан алып тастады. 15 Ол үкіметтер мен биліктерді талқандады, әрі оларды сол* арқылы жеңілгендер+ ретінде салтанатты шеруде алып өтіп, ел-жұртқа көрсетті.
16 Сондықтан ешкім сендерді белгілі бір тағамдар мен сусындар үшін+ немесе қандай да бір мерекені, Жаңа туған ай мейрамын+ тойламайтындарың не Демалыс күнін* ұстанбайтындарың үшін айыптамасын+. 17 Себебі бұлар келуі керек нәрселердің көлеңкесі+, ал көлеңкені түсіріп тұрған дене — Мәсіх+. 18 Кішіпейілсінуден, періштелерге табынудан* рақат алатын ешкім сендерді сыйларыңнан+ айырып жүрмесін. Мұндайлар көрген аяндарының дұрыстығын қайтпай дәлелдейді және пенделік санасына сүйеніп, еш себепсіз кеуде көтереді. 19 Бірақ олардың баспен байланыстары жоқ+. Ал бас бүкіл денені басқарып отырады. Дене болса өзара буындармен, сіңірлермен тұтасып, сол арқылы нәр алады, әрі Құдай берген өсіммен өсе береді+.
20 Егер осы дүниенің қағидаларынан бас тартып+, Мәсіхпен бірге өлген болсаңдар, онда неге осы дүниеде өмір сүріп жатқандай, әлі де 21 “ұстама, жеме, қол тигізбе” деген қағидаға+ бағынасыңдар? 22 Бұлардың бәрі қолдану барысында түбінде жоқ болады ғой, әрі олар адам ойынан шыққан парыздар мен ілімдер+. 23 Бұлар өз қалауынша табыну, кішіпейілсіну, тым көп шектеулермен тәндерін қалжыратудан+ көрініс тауып, сырткөзге дана болып көрінеді, бірақ тән құмарлықтарымен күресте еш пайдасы жоқ.