14 Ақылды әйел шаңырағын нығайтар+,
Ақылсыз әйел оны өз қолымен ойран қылар.
2 Тура жолмен жүрген адам Ехобадан қорқады,
Қисық жолға түскен оны менсінбейді.
3 Ақымақтың тәкаппар тілі таяқ боп тиер,
Ал дананың аузы өзіне қорғаныш болар.
4 Малы жоқ үйдің науасы таза тұрады,
Ал бұқаның күшімен мол өнім жиналады.
5 Адал куәгер өтірік айтпайды,
Жалған куәгердің әрбір сөзі — өтірік+.
6 Мысқылшыл даналық іздегенмен таппайды,
Түсінігі бар адам білімді қағып алады+.
7 Аулақ жүр наданның қасынан,
Білім таппассың+ оның аузынан.
8 Парасатты даналықпен өз жолын біледі,
Ал ақымақ өз ақымақтығымен адасады+.
9 Надан қатені мойындауды күлкі қылар+,
Әділ жан татулыққа ұмтылар.
10 Өз қайғысы жүректің өзіне аян,
Қуанышын да түсінбес басқа жан.
11 Зұлымның үйі күйрейді+,
Әділдің керегесі кеңейеді.
12 Адамға тура болып көрінетін жол бар+,
Бірақ түбінде ол өлімге апарады+.
13 Күлгенде де, жүрек сыздар,
Күлкінің соңы қайғыға ұласар.
14 Опасыз өз жолының зардабын тартады+,
Жақсы адам іс-әрекетінің жемісін көреді+.
15 Аңғал әрбір сөзге сенеді,
Парасатты әр қадамын ойлап басады+.
16 Дана сақ әрі жамандықтан аулақ,
Ақымақ бейқам әрі өзіне тым сенімді.
17 Ашушаң ақымақтық жасар+,
Ойланып-толғанатын жеккөрінішті болар.
18 Аңғалдың үлесіне ақымақтық тиер,
Парасатты білімді басына тәж етіп киер+.
19 Жамандар жақсының алдында бас иер,
Зұлымдар әділдің қақпасының алдында тағзым етер.
20 Кедейді тіпті жақын адамы жек көрер+,
Ал байдың достары көп болар+.
21 Маңайындағы адамды жақтырмайтын күнә жасайды,
Бейшараға жанашырлық танытқан бақытты+.
22 Зұлымдық ойластыратын адаспай ма?!
Игілік ойлайтынға мейірім мен адалдық танытылар+.
23 Әр бейнеттің зейнеті бар,
Құр сөз жоқшылыққа ұшыратар+.
24 Дананың алар тәжі — байлық,
Ақымақтың алар үлесі — надандық+.
25 Адал куәгер адамның жанын сақтар,
Жалған куәгердің аузынан тек өтірік шығар.
26 Ехобадан қорыққан оған нық сенім артады+,
Ал оның балалары пана табады+.
27 Ехобадан қорқу — өмір бұлағы,
Адамды өлім тұзағынан сақтайды.
28 Халықтың көптігі — патшаның салтанаты+,
Ал оның аздығы — билеушінің күйрегені.
29 Ашуға баяу әр нәрсенің парқын айырады+,
Шыдамсыз ақымақтығын паш етеді+.
30 Жүректегі тыныштық тәнге шипа болар,
Ал қызғаныш сүйекті шірітер+.
31 Бейшараны алдаған оның Жаратушысын қорлайды+,
Жарлыға жанашырлық көрсеткен
Жаратқанды мадақтайды+.
32 Зұлымды зұлымдығы құлатар,
Әділдің мінсіздігі оған пана болар+.
33 Даналық түсінігі бардың жүрегінде тыныш жатар+,
Ал ақымақтардың арасында жария болар.
34 Әділдік халықтың мәртебесін асырады+,
Күнә болса елді абыройынан айырады.
35 Патша түсінікпен әрекет ететін қызметшіге риза болады+,
Ал арсыз қызметшіге қаһарын төгеді+.